БАҚ: Түрікменстанда мемлекеттік төңкеріс жасалмақ болған
Сурет: wikimedia
Түрікменстан бұқаралық ақпарат құралдары Ашхабадта қарулы төңкеріс жасамақ болғандар ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Маусым айында Түрікменстанның қауіпсіздік қызметі қарулы төңкеріс әрекетінің жолын кесіп, 20 түрікмен азаматын ұстады, деп жазды Turkmen.news бірнеше дереккөзге сілтеме жасап.
Ұсталғандар қамауға алынды. Басылым басты қастандық жасаушы бұрынғы Ауыл шаруашылығы министрі Пайзыгелді Мередовтің ұлы – Батыр Мередов екенін хабарлады. Басылым ішкі істер министрінің орынбасары Ахмет Ходжатовтың ұсталғаны туралы да хабарлаған.
Ақпарат көздерінің хабарлауынша, қарулы қастандық туралы ақпарат таралмауы үшін елде интернет бұғатталған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript