Индонезияда жанартау атқылауынан қаза тапқандар саны 23-ке жетті

Индонезия, Марапи жанартауы, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2023 11:37 Сурет: freepik
Индонезиядағы Марапи жанартауының атқылауы салдарынан 23 адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Индонезиядағы жанартау атқылауынан кейін із-түзсіз жоғалып кеткен туристерді іздеуге шыққан құтқарушылар тағы бірнеше адамның мәйітін тапты. Әзірге барлығы 23 адам қаза болғаны анықталды.

Жексенбі күнгі жанартау атқылауынан кейін 50-ден астам альпинист құтқарылды, бірақ Марапи тауынан түтін мен күл қайта шыға бастағандықтан, дүйсенбі күні іздеу жұмыстары уақытша тоқтатылды.

Атқылап жатқан кезде жанартауға 75-ке жуық адам көтерілген.

Батыс Суматра провинциясы полиция бастығының орынбасары Эди Мардианто сейсенбіде жанартау атқылаған жердің маңында бес альпинистің мәйіті табылғанын, тағы 18 адам қайтыс болды деп болжанып отырғанын айтты.

"Олар тірі қалмаған шығар деп болжап отырмыз", - деді ол.

2023 жылғы 4 желтоқсан күні Индонезияда Марапи жанартауының атқылауы салдарынан 11 турист қаза тауып, тағы 12 адам із-түзсіз жоғалып кеткенін жазған едік.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: