Исландияда жанартау атқылап, мыңдаған адам эвакуацияланды

Исландияда жанартау атқылап, мыңдаған адам эвакуацияланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2023 11:53 Сурет: flickr/Peter Thoeny
Исландиядағы Рейкьянес түбегінде жанартау атқылай бастады. Лава ағыны мен жанартау күліне байланысты жақын маңдағы Гриндавик қаласының тұрғындары эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

CNN арнасының мәліметінше, 18 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша 21:00 шамасында Исландияда жер сілкінісі болды. Шамамен бір сағаттан кейін жанартау атқылап, түнгі аспанға күл атылды.

Жер сілкінісі мен жанартау атқылауының салдарынан жер бетінде ұзындығы төрт шақырымға жуық лаваға толы жарықтар пайда болды. Исландияның осы бөлігінде 2021 жылдан бері жанартау осымен төртінші рет атқылады, әзірге ең күштісі де осы болып тұр.

Жанартау шағын Гриндавик қаласынан солтүстікке қарай үш шақырымдай жерде орналасқан. 18 желтоқсан күні кешке барлық қала тұрғындарына эвакуациялау туралы бұйрық берілді. Қаладағы барлық үш мыңнан астам адам Гриндавикті тастап кетті. Рейкьянес түбегінде барлығы 30 мыңға жуық тұрғын бар.

Исландия билігі атқылап жатқан жанартау адам өміріне қауіп төндірмейтінін айтты. Алайда аймақта көлік қозғалысына шектеу қойылды, ал адамдарға жанартауға жақындамауға кеңес берілді. Әуе қатынасы сол қалпы жұмыс істеп тұр.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: