Әзірбайжан Президенті ел парламентін таратты

Әзірбайжан парламенті, тарату, Ильхам Әлиев, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.06.2024 17:21 Сурет: meclis.gov.az
28 маусымда Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев парламентті таратып, сайлау күнін белгіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Президент Ильхам Әлиев VI шақырылымдағы Әзірбайжан Республикасының Милли Мәжілісін тарату және Әзірбайжан Республикасының Милли Мәжілісінің кезектен тыс сайлау күнін белгілеу туралы бұйрыққа қол қойды. Аталған бұйрыққа сәйкес, VI шақырылымдағы Әзірбайжан Республикасының Милли Мәжілісі таратылады. Әзірбайжан Парламентінің кезектен тыс сайлауы 2024 жылдың 1 қыркүйегіне белгіленді", деп РИА Новости Президенттің баспасөз қызметінің хабарламасын алға тартады.

Негізі, Парламенттің өкілеттік мерзімі 2025 жылы аяқталуы тиіс болатын.

Парламентті тарату туралы шешім 20 маусымда "Ени Әзірбайжан" басқарушы партиясының отырысында қабылданды, содан кейін депутаттар Әлиевке тиісті үндеу тастады, деп жазады Report. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: