Тәжікстан ғұламалар кеңесі әйелдерге "мүсінді айқындайтын және қара түсті киімдер" киюге тыйым салды

Тәжікстан ғұламалар кеңесі әйелдерге "мүсінді айқындайтын, мөлдір және қара түсті киімдер" киюге тыйым салды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2024 11:20 Сурет: wikimedia/Juris Paiders
Тәжікстан Ислам орталығының ғұламалар кеңесі әйелдерге "ұлттық мәдениет пен дінге жат" киім киюден бас тартуды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кеңестің жаңа пәтуасы бойынша, тәжік ұлттық киімі "Ханафи мәзһабы талаптарына толық сәйкес келеді" делінген.

Енді хиджабтан бөлек, әйелдерге мүсінді айқындайтын, мөлдір және қара түсті киімдер мен дене бөлігі көрінетін киім киюге кеңес берілмейді

.Пәтуаға сәйкес, әйелдер киімі ежелгі заманнан бері тәжік әйелдері киетін орамал, жейде мен белдемшеден тұруы керек.

Бұған дейін Тәжікстанда хиджаб киюге ресми түрде тыйым салынған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: