Бірқатар халықаралық әуе компаниялар Тель-Авивке қатынайтын рейстерді тоқтатты
Сурет: pixabay
Израильдің солтүстігіндегі шиеленісті жағдайлардан кейін Air France, Біріккен Араб Әмірліктеріне қарасты Etihad Airways және Грецияның Aegean Airlines әуе компаниялары Тель-Авивке қатынайтын барлық рейстердің тоқтатылғанын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бірқатар мемлекеттегі әуе компаниялар Тель-Авивке қатынайтын рейстерді тоқтатты. Бұған дейін олардан бөлек тағы 16 әуе компания да Израильге қатынайтын рейстерді тоқтатқан болатын. Кейбірі рейстердің дүйсенбіге дейін тоқтатылғанын, басқалары нақты қосымша ақпарат кейінірек жарияланатынын хабарлады", деп жазады Bild.
Айта кетсек, бүгін Израильдің Ливан территориясына қарай әуеден соққы жасағаны хабарланды.
Кейін израильдік БАҚ Хезболла жауап ретінде Израильдің солтүстік аймақтарына 320 зымыран атқанын жазды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript