Әзірбайжан президентінің бұрынғы оққағары Түркияның бес жұлдызды қонақ үйінде өлі күйінде табылды
Сурет: İhlas Haber Ajansı/Dünya Haberleri
Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевтің бұрынғы оққағары Махир Мамедов Түркияның батысындағы бес жұлдызды қонақүйде өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Türkiye газеті жазғандай, қайғылы оқиға Айдын қаласының Кушадасы курорттық ауданында болған.
"Айдын қаласының Кушадасы ауданында өзінің қонақүй бөлмесінде 50 жастағы Махир Мамедов өлі күйінде табылды, ол өз уақытында Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевтің жеке оққағары болған. Мамедовтың өлімінің нақты себебі аутопсиядан кейін анықталады", — деп жазады басылым.
Ер адам Кушадасқа үш күн бұрын жұбайы Кемали Мамедовамен және ұлымен демалуға келгені белгілі болды.
Басылым сейсенбіде таңғы астан кейін Мамедов пен оның отбасы демалу үшін бөлмеге барғанын атап өтті. Біраз уақыттан кейін оның әйелі мен ұлы серуендеп, қайтып оралғанда Мамедовты еденде қозғалмай жатқан күйінде тапқан.
"Хабарламаны алғаннан кейін қонақ үйге жедел медициналық көмек пен полиция бригадалары жіберілді. Медициналық топ жүргізген бақылау кезінде Мамедовтың қайтыс болғаны анықталды", — делінген хабарламада.
21 тамызда ер адамның Алматы – Атырау ұшағының бортында өлім құша жаздағаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript