Қазақстандық "мобилографияның атасы" Әзірбайжан президентімен танысты
Сурет: Instagram/kyran_talapbek
Танымал қазақстандық блогер, халық арасында "мобилографияның атасы" деген лақап атқа ие болған Қыран Талапбек және оның жұбайы Гүлзада Тұрлаш Instagram желісіндегі оқырмандарымен қуанышты хабарларымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Белгілі болғандай ерлі-зайыптылар Әзірбайжанның президенті және бірінші ханымы — Ильхам мен Мехрибан Әлиевпен танысу құрметіне ие болды. Бұған ең бай әзірбайжандықтардың бірі – кәсіпкер және әнші Эмин Агаларов (Emin) көмектесті.
"Әзірбайжан президенті Ильхам Гейдарұлы Әлиевпен жеке танысу үлкен мәртебе болды. Эмин Аразовичке берілген мүмкіндік үшін зор алғысымызды білдіреміз", – деп жазды Қыран Талапбек пен Гүлзада Тұрлаш 2024 жылғы 28 тамызда бірлескен жазбада.
Оқырмандар таңданыстарын білдіріп, Қыранның халықтың көз алдында өскенін айтты.
- Жігітше Қыран көз алдыда өсіп жатырсың. Жарайсың!
- Деңгей ғо бұл!
- Сөз жоқ суперсің, Қыран!
- Әрбір табысты ер адамның артында әйел тұрады! Гүлзада, жарайсың! Тек алға, Қыран, жарайсың!
- Бөлексің!
2024 жылдың 23 шілдесінде Қыран Талапбектің Эмин Агаларовтың жеке мобилографы болғаны белгілі болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript