Қырғызстан парламенті Асқар Ақаевтың мәртебесін қалпына келтіруден бас тартты
Сурет: kaznu.kz
Қырғызстанда Жогорку Кенеш отырысында бүгін, 2024 жылғы 25 қыркүйекте депутаттар Асқар Ақаевтың уақытша депутаттық комиссия құру және экс-президент мәртебесін қалпына келтіру туралы өтінішін қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Конституциялық заңнама, мемлекеттік құрылым, сот-құқықтық мәселелер және Парламент регламенті комитетінің төрағасы Шолпон Сұлтанбекова бұл өтініштің Жогорка Кенешке 3 қыркүйекте түскенін еске салды.
Ол комитет Асқар Ақаевтың өтінішін назарға алып, Жогорка Кенештің қарауына енгізгенін, сондай-ақ уақытша депутаттық комиссия құру туралы өтінішті қанағаттандырудан бас тартуды ұсынғанын атап өтті.
"Жогорку Кенеш бұл шешімді қолдап, А. Ақаевтың уақытша депутаттық комиссия құру туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартты. Қаулының тиісті жобасы қабылданды", — делінген ҚР Парламентінің хабарламасында.
2023 жылдың мамыр айында Асқар Ақаев пен оның әйелі Қырғызстанға Қазақстан арқылы жеткені белгілі болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript