ХАМАС қозғалысының көшбасшысы неден көз жұмғаны белгілі болды

ХАМАС көшбасшысы, Яхья Синвар, Израиль, өлтіру, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2024 12:44 Сурет: EPA
ХАМАС қозғалысының басшысы Яхья Синварға оқ басына тиген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы CNN басылымына Яхья Синвардың денесін тексерген Израильдің Тель-Авивтегі сот-медициналық орталығының бас патолог-маманы Чен Кугель айтқан.

Оның айтуынша, Синвардың басқа да танк снаряды немесе зымыран жарықшақтарынан алған ауыр жарақаттары бар, бірақ басқа тиген оқ Хамас көшбасшысының өліміне тікелей қатысы барына сенімді.

"Өлімнің себебі - оқ тиген бастағы жарақат. Оның басында оқ бар және бас миының ауыр жарақатын алған", - деді Синвардың өлімін куәландыратын құжатқа қол қойған Кугель CNN-ге берген сұқбатында.

Бұған дейін Израиль күштері ХАМАС көшбасшысы Яхья Синвардың көзін жойғанын хабарлаған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: