Израильдің шабуылдарынан 2,5 мыңнан астам адам қаза тапты
Сурет: pixabay
Ливанның Төтенше жағдайлар комитеті Израиль армиясының соққыларынан қаза тапқандар саны өткен жылдың қазан айынан бері 2530-ға жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы РИА Новости комитеттің есебіне сілтеме жасай отырып жазды.
"Израиль соққылары басталғаннан бері көз жұмғандардың жалпы саны 2530–ға жетті, 11 803 адам жарақат алды", — делінген хабарламада.
Соңғы мәліметтер бойынша, Ливанның әр бөлігінде Израильдің соққыларынан 63 адам қайтыс болды, тағы 234 адам жарақат алды.
21 қазанда Газада 87 адам қаза тапқаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript