Ресей түрмесінен қашқандардың екеуі Қазақстанға бет алған

Түрме, Ресей, қашқандар, Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2024 12:18 Сурет: Zakon.kz
26 қазанда Ресей Федерациясының Липецк облысындағы түрмеден қашқан алты адамның бесіншісі ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ресей Федерациясы ІІМ өкілі Ирина Волк өзінің Telegram арнасында хабарлады.

"Липецк облысы бойынша Ресей ІІМ қылмыстық іздестіру басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында түрмеден қашып кеткен алты сотталушының бесіншісін ұстады. Ол Петровское ауылының жеке секторында жасырынған, қазір аумақтық полиция бөліміне жеткізілді. Колониядан қашқандардың соңғысын іздеу шаралары жалғасуда", делінген хабарламада.

Оның айтуынша, тұтқындардың бірі қашқан екеудің Мәскеу облысына бет алғанын, ал қалғандары Қазақстан арқылы үйлеріне жетпек жоспары болғанын айтқан.

Қашқан алты адам да Орта Азия тумалары: біреуі - Тәжікстаннан, бесеуі - Өзбекстаннан. Олардың екеуі есірткі таратқаны, үшеуі қыз зорлағаны және тағы біреуі кәмелетке толмаған балаға жыныстық азғындық әрекет танытқаны үшін сотталған. Ұсталған кезде қашқындардың бірі қарсылық көрсеткен, одан пышақ табылды. Ұстау кезінде полиция қызметкерлері табельдік қаруды қолдануға мәжбүр болғаны, ал қашқындардың бірі жарақат алып, ауруханаға жеткізілгені де нақтыланады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: