Қытайдағы балабақшалардың қысқаруы елдегі бала туудың төмен деңгейін растайды

Дети, ребенок, детский сад, дошкольный возраст, родители, семья , сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2024 10:13 Фото: pexels
Өткен жылы Қытайдағы балабақшалар саны 5%-дан астамға азайды. Биыл, екінші жыл қатарынан мектепке дейінгі мекемелердің саны азайып келеді. Бұл елдегі туудың төмендеу деңгейіне байланысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Guardian газетінің ақпаратынша, өткен аптада жарияланған Білім министрлігінің статистикалық бюллетенінде 2023 жылы Қытайда 274 400 балабақша болған, ал 2022 жылы 289 200 мектепке дейінгі мекеме тіркелген.

Қытай туу көрсеткішінің төмендеуімен және халықтың қартаюымен күресуде. Осыған байланысты тенденциялар бүгінде саясаткерлердің бас ауруына айналды. Олар адамдарды көп балалы болуға ынталандыру үшін әртүрлі шаралар қабылдап жатыр, бірақ нәтижесіз.

Балабақшаға баратын балалардың саны да азайды. Үкіметтің мәліметінше, 2023 жылы мектепке дейінгі мекемелерде 40,9 миллион бала оқыған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 11% — ға аз.

Бұған дейін Қытайда "ұшатын автомобиль" зауытының құрылысы басталғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: