Қытайда некеге тұру деңгейі күрт төмендеді - жас қыздар отбасын құрудан неге қашады

Қытайда некеге тұру деңгейі күрт төмендеді - жас қыздар отбасын құрудан неге қашады , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2024 10:55 Сурет: pixabay
Қытайда демографиялық дағдарыс күшейіп келеді, нақтырақ айтсақ, жыл сайын шаңырақ көтерген жастар саны азаюда, деп хабарлайды Zakon.kz.

CNN мәліметтері бойынша, неке мен бала туудың күрт төмендеуі Бейжің үшін өзекті мәселе болып табылады. Бұл жұмыс күшінің қысқаруы мен қарт адамдардың артуына алып келуде.

Азаматтық істер министрлігі жариялаған мәліметтерге сәйкес, 2024 жылдың алғашқы үш тоқсанында Қытайда шамамен 4,74 миллион жұп некеге тұрды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінде тіркелген 5,69 миллионнан 16,6%-ға аз.

Қытайда жоғары білімді және қаржылық жағынан тәуелсіз жас қыздар арасында некеге деген көзқарас өзгеріп келеді, дәл осы себептен де отбасын құру мен бала туу көрсеткіші азайып отыр. 

Әйелдердің некеден бас тарту себептерінің негізгісі, олардан бала күтімі мен үй шаруаларын талап ету, сондай-ақ, патриархалдық дәстүрлер де рөл ойнап тұр. 

Бұған дейін Трамптың сайлаудағы жеңісі аясында доллар бағамының күрт көтерілгені хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: