Нидерландыдағы мектеп жүйесінде ерекше зерттеу жүргізілуде

Школа, школьный кабинет, класс, пустой класс, занятия, дистанционное обучение , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2024 10:21 Фото: primeminister.kz
Нидерландыда мектептердің бірі ата-аналарға оқушылардың күйзелісін азайту үшін қолданбадағы балалардың бағаларын бір семестрге қарауға тыйым салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Guardian газетінің ақпаратынша, мұндай эксперимент жүргізілген зерттеу нәтижесінде қабылданды. Олар ата-аналардың бағаларды көріп отыруы, оқушыларға қосымша қысым жасайтынын айтты. Аталмыш жаңа зерттеуге ата-аналардың 95%-ы келісті.

Мектептің экономика пәнінің мұғалімі Стейн Эйттенбогард 500 оқушыдан сұхбат алды. Сауалнама көрсеткендей, үлкендердің бағаларды бақылап отыруындағы стрестті оқушылар бестен 2,7 баллға көрсетті.

"Голландиялық мектеп жүйесінде бағалар эмпатия және икемділік сияқты өмірлік дағдыларды дамытудан басымдықтықты көрсетеді. Біздің білім беру жүйесінде біз әрқашан оқушыларға қателесуге құқығы бар екенін айтамыз",-дейді 40 жылдық тәжірибесі бар мұғалім Герт Лейшелдер.

Бұған дейін Астана мектептерінде сабақ қысқартылғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: