Калифорнияда листериоздың өршуінен егіздерге жүкті болған әйел түсік тастады

Новорожденный, новорожденные, младенец, младенцы, ребенок, дети, грудничок, груднички, малыш, малыши, рождаемость , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2024 09:47 Фото: pexels
Калифорнияда ет пен құс етінің өңделген тағамдарын тұтыну арқылы уланған егіз сәби шетінеп кетті тағы 10 адам ауырып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Global News ақпаратынша, тауық еті, үйрек мойны және шошқа еті инфекцияның негізгі көзі болды.

АҚШ-тың ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, Yu Shang Food, Inc компаниясы (Оңтүстік Каролина) аурудың өршуіне байланысты 32 мың кг-нан астам ет және құс өнімдерін қайтарып алды.

Мәселе қазан айындағы тексеріс кезінде азық-түлік пен өндірістік ортада листерияны анықтағаннан кейін анықталды.

Листериоз – жұқпалы ауру, ол ас қорытудың бұзылуымен, пиелонефриттермен, менингиттермен, ішкі мүшелердің әртүрлі зақымдануларымен, аяқ астынан түсік тастау, өлі туу, жаңа туған нәрестелердің өліміне әкелетін жатырішілік қабынулармен көрініс береді. Листерия бактериясы сыртқы ортада төзімді, табиғи су қоймаларында 1 жылға дейін. Тоңазытқыштағы ет пен сүтте ұзақ уақыт сақталып қана қоймай, тіпті көбейеді. Төмен температура, мұздату, кептіру ауру қоздырғышына кері әсерін тигізе қоймайды. Бактерия қайнату барысында 3-5 минут ішінде жойылады. Листериозға қой, ешкі, ірі қара мал, жылқы, шошқа, қоян, тауық, қаз-үйректер сезімтал келеді.

Осылайша егіздерге жүкті болған калифорниялық әйел ауырып қалып, іштегі екі нәресте де шетінеп кетті.

Бұған дейін Израиль әуе күштері Бейрутқа тағы әуеден соққы бергені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: