Израильдіктер Газа секторында атысты тоқтатуды талап етті

Израильдіктер Газа секторында атысты тоқтатуды талап етті, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.11.2024 12:20 Сурет: pixabay
Иерусалим қаласында шеруге шыққан бір топ израильдік, Үкіметті Газа секторында бітімге келуге үндеді. Олар "Хамас" кепіліндегі жақындарының тез арада босатылуын талап етті.

Шараға мыңнан астам адам қатысқан. Газада 101 израильдік кепілде отыр. "Хамас" оларды қазанның 7-де Израиль аумағын шабуылдағанда тұтқынға түсірген.

Израиль билігі кепілдегі азаматтарын қайтаруға және қарулы топты жоюға уәде берді. "Хамас" пен Израиль арасында атысты тоқтатуға қатысты келіссөз тығырыққа тірелген. Бұл үшін тараптар бірін-бірі айыптап отыр, деп жазады qazaqstan.tv.

Палестиналық қарулы топ бітімді қалайтынын мәлімдеді. Олардың сөзінше, бұған Израиль икемсіздік танытып отыр. Соңғы мәліметтерге сай, Израильдің шабуылынан қаза тапқан палестиналықтардың саны 44 300-ге жуықтаған.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: