Қытайлық әйелдің қабағынан паразиттік құрттар табылды

Қытайлық әйелдің қабағынан паразиттік құрттар табылды , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2024 16:36 Сурет: pixabay
Қытайлық дәрігерлер науқастың қабағының астына жиналған тірі құрттарды тапты. Оқиға 2022 жылы болған, емдік шаралардан кейін симптомдар жойылған. Офтальмологтар бұл жайлы мәлімдеуге енді ғана шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ғылыми басылымға сәйкес, Бейжің тұрғыны дәрігерлерге көз айналасында бөтен денелердің қимылдары жөнінде шағыммен жүгінген. Тексеру кезінде қабықтың зақымдануы анықталды. Дегенмен алғашқы емдеу шарасы нәтиже бермей, науқас бір айдан кейін көзінің қызарып, қыши бастағанын айтып ауруханаға қайта келген.

Сол кезде дәрігерлер оның қабағының астынан тірі құрттардың шоғырын тапты. Олар мұқият алынып, зертханаға жіберілді.

ДНҚ сынағы оның паразиттік ауруды тудыратын Thelazia callipaeda екенін көрсетті.

Бұдан кейін әйелге мұқият ем-шаралар тағайындалып, ол екі айдан кейін құлан таза айықты. 

Дегенмен дәрігерлер паразиттердің көз аймағында қалай пайда болғанын анықтай алмады. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: