Мемлекеттік әскери-тарихи мұражай қызметінің ақылы түрлеріне тарифтер бекітіледі
Сурет: ortcom.kz
Қазақстанда мемлекеттік әскери-тарихи мұражай қызметінің ақылы түрлеріне тарифтер бекітіледі. Қорғаныс министрлігі осыған қатысты бұйрық жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қорғаныс министрлігі "Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және тауарлардан (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы" Қорғаныс министрі бұйрығының жобасын дайындады.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен "Электрондық үкімет" порталындағы "Ашық НҚА" бөлімінде осы жылдың 6 сәуіріне дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript