Әскери кемелер Каспий теңізінің акваториясындағы теңіз және әуе нысандарын жойды
Бірінші кезеңде бөлімдер мен бөлімшелер ұрыс аймағына арнайы техника мен кемелерді шығара отырып, жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді.
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Екінші кезеңде жаттығудың мақсаты анықталды, командалық құрам ұрыс қимылдарын орындау туралы шешім қабылдады. Үшінші кезеңде кемелер белгіленген аудандарға шықты, теңізшілер жаудың әуе шабуылы құралдарына тойтарыс беру мәселелерін пысықтады, әртүрлі нысандар бойынша практикалық әскери кемеге қарсы және минаға қарсы қорғанысты ұйымдастырды. Маневрлер барысында ұрыс авиациясының ұшақтары тартылып, олар кемеден басқарылды.
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
"Жаттығулар қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың ерекшеліктерін ескере отырып өткізілді. Экипаждардың жеке құрамы сауатты және үйлесімді әрекет етті. Қойылған міндеттер толық көлемде орындалды", - деп сөзін түйіндеді 3-дәрежелі капитан Бауыржан Баймұханов.
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Оған зымыран-артиллериялық кемелер, Су-27 ұшақтары және Ми-8 көліктік-жауынгерлік тікұшақтары қатысты. Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының басшылығымен жауынгерлік дайындық жоспары бойынша осындай жаттығулар жылына бірнеше рет өткізіліп тұрады.
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі