Қазақстан жобасы ЮНЕСКО-ның қаржылық қолдауына ие болды

ЮНЕСКО, Қазақстан, жоба, қаржылық қолдау, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.03.2024 20:43 Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі
Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық комитеті ұсынған жоба алғаш рет ЮНЕСКО-ның халықаралық қорынан қаражат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Парагвай Республикасының ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі Нэнси Овелар де Горостьяганың төрағалығымен Материалдық емес мәдени мұраны (МЕММ) қорғау жөніндегі үкіметаралық комитеттің он тоғызыншы сессиясы Бюросының бірінші отырысы өтті.

Кездесу барысында ЮНЕСКО-ның МЕММ қорғау қорынан халықаралық көмек механизмі бойынша жобаларды қаржыландыруға төрт өтінім қарастырып, қолдау тапты.

"Атап айтқанда, Қазақстанға 99 600 АҚШ доллары бөлінді, оны уәкiлеттi мемлекеттiк орган МЕММ қорғау жөнiндегi ұлттық комитетпен бiрлесiп қалыптастыратын МЕММ ұлттық тiзiмiн одан әрi нақтылауды дайындау және бес облыстағы жергiлiктi қауымдастықтар үшiн МЕММ қорғау туралы конвенцияны жүзеге асыруда әлеуеттi арттыру үшін бөлінді. Бұл Қазақстанның ЮНЕСКО-ның  халықаралық көмек тетігін алғаш рет қолдануы екендігін атап өту қажет", делінген ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Кот-Д'Ивуар, Мажарстан және Уганда ұсынған жобалар да қолдау тапты.

Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі Асқар Абдрахманов МЕММ-ны қорғау жөніндегі Үкіметаралық комитетінің Бюросына көрсетілген сенім үшін алғыс айтып, еліміздің адамзаттың жанды мұрасын қорғауға лайықты үлес қосуды ұлттық және халықаралық деңгейлерде ЮНЕСКО-ның 2003 жылғы конвенциясының шеңберінде жалғастыруға ниетті екеніне сендірді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: