Су тасқыны жөніндегі штаб: Бозымбаев Атырау облысында ТЖ жою жөніндегі жұмысты үйлестіреді

Қанат Бозымбаев, Атырау облысы, су тасқыны, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2024 15:38 Сурет: primeminister.kz
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штаб жетекшісінің орынбасары Қанат Бозымбаев қазір Атырау облысында жүр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірдегі дайындық режимі – жоғары деңгейде, ТЖ жою жөніндегі облыстық жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Вице-премьер Ақтөбе облысымен шекара аумағын тікұшақпен айналып өтті. Жем өзеніндегі зақымдалған бөгеттің жағдайына баға берді. Кеше оның бұзылуы салдарынан Құлсары қаласының екінші және үшінші учаскелері, сондай-ақ Жадырасын-2, Болашақ, Вахталық кент ықшам аудандары, Қарағай елдімекенін су басты, делінген Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

6 сәуірдегі жағдай бойынша Атырау облысының үш ауданында күрделі су тасқыны жағдайы сақталуда, екі елдімекенге көлікпен қатынау мүмкін емес.

Құлсары қаласында 2,6 мың жеке тұрғын үй мен әкімшілік ғимарат су астында қалып, 5 сәуірден бастап қауіпті аймақтан 15 632 адам шығарылды. Халықты эвакуациялау жалғасуда.

Су тасқынына қарсы іс-шаралар, Атырау облысы, Қанат Бозымбаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2024 15:38

Сурет: primeminister.kz

Қап төсеу, су тасқынына қарсы іс-шаралар, Атырау облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2024 15:38

Сурет: primeminister.kz

Қазіргі уақытта жағалауды нығайту жұмыстары қарқынды жалғасуда, топырақ толтырылған 45,9 мың қапшық, 174,3 мың тонна инертті материал төселді. 5 сәуірде Каспий теңізіне қарай су өткізу қабілетін арттыру үшін Жем өзенінде мұз жару жұмыстары жүргізілді, тағы бір рет мұз жару жоспарланған.

Әкімдік пен күштік құрылымдардың 600-ге жуық қызметкері, 148 техника, 2 жүзу құралы және 500 ерікті жұмылдырылды.

5 елдімекенде – Миялы, Жангелдин, Көздіқара ауылдық округтері, Аққора, Жасқайрат ауылдарында қауіп-қатер сейілді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: