ҰҚК Өзбекстанмен арадағы шекарада көліктердің жиналып қалуына қатысты түсініктеме берді

Қазақ-өзбек шекарасындағы өткізу бекеттері, көліктердің көптеп жиналуы, ҰҚК, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2024 20:10 Сурет: gov.kz
Қазақстан-өзбек шекарасындағы өткізу пункттерінде адамдар мен көліктердің көптеп жиналуына қатысты ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Өзбекстан Республикасымен шекарадағы "Жібек жолы" өткізу пунктінде адамдар мен көлік құралдарының мезгіл-мезгіл жиналуы байқалатынын хабарлайды. Бұл іргелес аумақтағы «Гишт Куприк» өткізу пунктінде жол төсемінің салынуы мен кеңейтілінуіне байланысты.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта "Қапланбек" өткізу пунктінің жөндеу жұмыстарына байланысты жабылғаны да айтылады. 

"Өз кезегінде, "Тәжен", "Атамекен" және "Қазығұрт" өткізу пункттерінде жүргізіліп жатқан реконструкция себебінен адамдар мен көлік құралдарының қозғалысы шектелген". ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Сондай-ақ мемлекеттік шекара арқылы басқа өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп жатқаны нақтыланады.


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: