Олжас Бектенов "Талдықорған – Үшарал" газ құбыры құрылысының барысымен танысты

Олжас Бектенов, Талдықорған – Үшарал газ құбыры құрылысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2024 17:37 Сурет: primeminister.kz
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Жетісу облысына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан "Талдықорған – Үшарал" магистралды газ құбыры құрылысының барысымен танысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Талдықорған – Үшарал" магистралды газ құбырының жалпы ұзындығы 302,4 км құрайды. Жоба аясында алты газ бұру құбыры мен автоматты газ тарату стансаларын салу көзделген. Газ құбырының өткізу мүмкіндігі – жылына 385 млн текше метр газ. "QazaqGaz" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов нысан "Алматы – Талдықорған" магистралды газ құбырының қолданыстағы бірыңғай жүйесінің құрамында пайдаланылатынын, құрылысты аяқтап, іске қосу 2026 жылдың соңына жоспарланып отырғанын баяндады. 

Жаңа "Талдықорған – Үшарал" магистралды газ құбыры 124 мың тұрғыны бар Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарының 66 елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз етеді. Құрылысы аяқталып, іске қосылғаннан кейін облысты газдандыру деңгейі 47,6%-дан 90%-ға дейін өседі.  

Премьер-министр жаңа газ құбыры өңірдегі тұрғын үйлерді, әлеуметтік нысандар мен өнеркәсіп кәсіпорындарын энергетикалық қауіпсіздікпен және тұрақты газбен қамтамасыз ететінін атап өтті. Бұл өңірдің тұрақты дамуына және тұрмыс сапасын жақсартуға ықпал етеді. Сондай-ақ іскерлік белсенділіктің артуы, жаңа жұмыс орындарын ашып, шағын және орта бизнестің дамуы қосымша оң нәтиже бермек. 

Талдықорған – Үшарал газ құбыры, Олжас Бектенов, жұмыс сапары, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2024 17:37

Сурет: primeminister.kz

Жалпы, Жетісу облысында 358 елдімекеннің 192-сі газдандыруға жатады, 37 елді мекен газбен қамтылды, 334 мың адам (47,6%) газға қол жеткізді. Елімізде барлығы 2023 жылдың қорытындысы бойынша халықты газбен қамту деңгейі 60%-ды құрады (12 млн адамға газ қолжетімді). 

"Мемлекет басшысы бастамашылық еткен ауқымды инфрақұрылым жобаларын іске асыруға Үкімет ерекше мән береді. Экономика үшін басым жобаларды қаржыландыруғ "Самұрық-Қазына" және "Бәйтерек" холдингтерінің, ішкі капитал нарығының ресурстары мен қаражаты, тікелей шетелдік инвестициялар мен жеке капитал белсенді түрде тартылуда. "Самұрық-Қазына" қаражаты есебінен 42 газбен қамту жобасын іске асыруға 10,4 млрд теңге бөлінді. Бұл жыл соңына дейін Жетісу облысындағы тағы 30 елді мекенді газбен жабдықтауға мүмкіндік береді", — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Үкімет басшысы жобаларды іске асыру кезінде тауарлар мен қызметтердегі қазақстандық қамтудың барынша жоғары үлесін қамтамасыз ету қажеттігіне тоқталды.

Талдықорған – Үшарал газ құбыры құрылысы, Олжас Бектенов, жұмыс сапары, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2024 17:37

Сурет: primeminister.kz

Энергетика министрлігіне және "QazaqGaz" ұлттық компаниясына, облыс әкімдігіне белгіленген мерзімдерді сақтай отырып, жобаларды сапалы іске асыру үшін барлық шараны қабылдау тапсырылды. Сонымен қатар жеке үйлерге газдың қосылуын бақылауды күшейту тапсырылды.

Айта кетсек, 19 тамызда Үкімет басшысы Талдықорғанда жүр. Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Жетісу облысын әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: