Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы сарапшы шөлді қандырудың ең жақсы жолы қандай екенін айтып берді

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы сарапшы шөлді қандырудың ең жақсы жолы қандай екенін айтып берді , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2024 14:14 Сурет: pixabay
Бөтелкелердегі шырындар мен түрлі шайлар тұтынушыларға жақсы таныс. Дүкендерде мұндай сусындардың алуан түрі бар. Олардың бәрі қауіпсіз бе және шөлді қандырмас бұрын не нәрсеге назар аудару керек.

Қарапайым адам "кокос шырыны" дегенде көз алдына кокос сүтін елестетеді. Бірақ олардың арасындағы айырмашылық өте үлкен. Кокос шырыны (немесе кокос суы) кокос жаңғағынан тікелей алынып, ыдысқа құйылады, ал кокос сүті өңделген кокос ұлпасынан жасанды түрде жасалады.

Бұл кокос шырынын "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің сарапшысы Жанна Биятан жасырын сауда әдісімен сатып алған. Көлемі 500 мл өнім Алматы қаласындағы "Қытай супермаркетінен" ("Көк базар") сатылып алынды және кешенді зерттеу үшін Алматы қаласы бойынша ҚР ДСМ СЭБК "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалына жіберілді.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы сарапшы шөлді қандырудың ең жақсы жолы қандай екенін айтып берді , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2024 14:14

Сурет: Жанна Биятан

Орталық мамандары өнімдердің үлгісін Кеден одағының "Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігітуралы" 021/2011 техникалық регламентіне сәйкестігін тексерді. №1240011003554650 хаттамасына сәйкес заңбұзушылық анықталған жоқ. Сонымен қатар, кокос шырыны Кеден одағының "Жемістермен көкөністерден жасалған шырын өнімдерінің техникалық регламентіне" 023/2011 сәйкестігіне тексерілді. №1240002183582477 хаттама зиянды химиялық заттардың анықталмағанын көрсетеді.

Кеден одағының "Тағамдық өнімдердің таңбаламасына қатысты" 022/2011 техникалық регламентіне сәйкес, өнімді зерттеу кезінде сәйкессіздіктер анықталды. №1240001023597380 хаттамасында бірнеше сәйкессіздіктер тіркелген. Мысалы, өнімнің атауы, тағам өнімдерінің құрамы, саны, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, өндірушінің атауы мен орналасқан жері, тағамдық құндылығы – тұтынушы үшін маңызды бұл мәліметтер мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетілмеген. Сондай-ақ, Бірыңғай ЕАС айналым белгісі көрсетілмеген.

"Әлеуметтік жоба барысында өндірушілер мен сатушылар арасында жиі кездесетін заңбұзушылық – тауар туралы мемлекеттік тілде ақпарат бермеу болып табылатынын атап өтеміз. Бұл өнім үлгісінде барлық ақпарат шет тілінде болды. Тұтынушы тауарда не жазылғанын түсінбесе, оны қалай таңдай алады? ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңының 25-бабы 7-тармағына сәйкес, бір тілде немесе шет тілінде берілген ақпарат – берілмеген деп есептеледі", – дейді сарапшы Жанна Биятан.

Көк базардан ("Большая Азия" дүкені) сатылып алынған тағы бір сусын – 500 мл бөтелкедегі шай. Өндіруші туралы тек Қытайдан шыққаны белгілі. Жапсырмада өндіруші компанияның аты да, оның орналасқан жері туралы ақпарат та болған жоқ. Шай да жан-жақты зерттеуге жіберілді. Тамақ өнімдерін ПТР және иммуноферменттік талдау әдісімен молекулярлық-генетикалық зертттеу" № 1240002183583097 хаттамасына сәйкес, "Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 021/2011 ТР бұзушылықтар анықталған жоқ.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы сарапшы шөлді қандырудың ең жақсы жолы қандай екенін айтып берді , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2024 14:14

Сурет: Жанна Биятан

Алайда, Кеден одағының "Тамақ өнімдерінің таңбаламасына қатысты" 022/2011 техникалық регламентіне сәйкес, тамақ өнімдерінің үлгілеріне арналған № 1240001023595161 зерттеу хаттамасының нәтижелері қаптамада өнімнің атауы, құрамы, саны туралы, тамақ өнімдерінің, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, өндірушінің атауы мен орналасқан жері, тағамдық құндылығы мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетілмегенін айғақтайды. Сондай-ақ Бірыңғай ЕАС айналым белгісі жоқ.

"Тұтынушы тауарды сатып алғанда ол туралы толық ақпаратты білуге ​​құқылы. Егер сіз бұл өнімнің жарамдылық мерзімі мен сақтау шарттарын білмесеңіз, мұндай тауарды сатып алып, денсаулығыңызға қауіп төндірудің қажеті жоқ. Дүкенде немесе базарда таңбаламасын мұқият қарап шығуға бірер минутыңызды жұмсаңыз, ал өнімнің сапасына күмәніңіз болса, сөреге қайта қойыңыз", – деп толықтырды сөзін Жанна Биятан.

Алкогольсіз сусындарды қалай таңдауға болады және не нәрсеге назар аудару керек?

Біріншісі – бұл ыдысы. Бөтелке немесе тетрақапшық мөрленген және зақымдалмаған болуы керек. Екіншіден, өнімнің құрамын, шығарылған күнін, жарамдылық мерзімін және өндіруші көрсеткен сақтау шарттары дүкендегі сақтау шарттарына сәйкес келетінін тексеріңіз. Үшіншіден, таңбаламаға әркез назар аударыңыз, ол қазақ және орыс тілдерінде болуы керек екенін есте ұстаған жөн. Егер мұндай ақпарат жоқ болса, тұтынушы өнімнің елімізге қандай жолмен жеткенін ойлап, сақтанғаны жөн.

Бұл ретте, ҚР "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" кодексінің 415-бабын, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын бұзу:

  1. Техникалық регламенттерде және нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімді айналымға шығарғанда;
  2. Техникалық регламенттерде және нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес растау немесе сәйкестікті растау құжаттарынсыз өнімді айналымға шығарғанда – жеке тұлғаларға – 90 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 195 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 310 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 600 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Бұл материалды әлеуметтік жобаның орындаушысы – "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі дайындаған.

Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасына жүргізілген зерттеулердің нәтижелері туралы "МОТҚҚҚ" ҚБ тарататын ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша 87054222739 байланыс нөміріне немесе Instagram-дағы OZPP.KZ парақшасына хабарласуға болады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: