Шетелде өндірілген бұқтырылған жылқы етінен доңыз ДНҚ-сы табылды

Шетелде өндірілген бұқтырылған жылқы етінен доңыз ДНҚ-сы табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2024 14:47 Сурет: pixabay
Бұқтырылған тағам тез дайындалатын ыңғайлы өнім болып саналады. Дегенмен, тұтынушылар қаңылтыр құтыда не "жасырын" тұрғанын көре алмайды. Өнімнің іші мен сыртын тек арнайы зертханада тексеруге болады.

Алматы қаласынан сатылып алынған бұқтырылған жылқы етіне мұндай сараптаманы шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы" РМК жүргізді.

"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі жариялаған "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу" мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде ақпараттық қызмет көрсету арқылы тұтынушылардың құқықтарын қорғау" мемлекеттік сатып алу қызметін жеткізуші болып табылады.

Жобаның мақсаты мен міндеті – тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерінде халыққа ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының нәтижелері бойынша тұтынушылардың тауарлар, олардың сапасы, сондай-ақ оларды сатушылар (дайындаушылар) туралы ақпарат алу құқықтарын аккредиттелген зерттеу ұйымдары жүргізген тауарларды зерттеу нәтижелері туралы объективті де шынайы ақпаратты БАҚ арқылы таратып, Қазақстан Республикасы тұтынушыларына өткізілетін өнімнің (тауарлардың) қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету болып саналады.

Алматыдағы дүкендердің бірінен бір банкы бұқтырылған ет сатылып алынды. Салмағы 325 грамм болатын "Конина тушеная натуральная" тілімделіп стерильденген ет консервілері шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы" РМК зерттеуге жіберілді. Өнімді Ресейдің "КМПЗ Дейма" ААҚ шығарған. Өндірілген күні 08.11.2022, жарамдылық мерзімі 3 жыл.

Шетелде өндірілген бұқтырылған жылқы етінен доңыз ДНҚ-сы табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2024 14:47

Сурет: Жанна Биятан

Зертхана кешенді зерттеу жүргізді, оған өнімнің таңбаламасын тексеру және "ДНҚ экстракциясы мен доңыз ДНҚ сипатына арналған DNAnimal Ident Pig HS әдісі" бойынша зерттеулер жүргізілді. № 969/442 хаттамасына сәйкес, Кеден одағының "Тағамдық өнімдердің таңбаламасына қатысты" 022/2011 техникалық регламентіне сай бұзушылықтар анықталған жоқ. Ал № 969/680 азық-түлікті зерттеу хаттамасына сәйкес, үлгіден алынған материалдан доңыз ДНҚ-сы табылған. Алайда, өндіруші бұл ақпаратты жасырды. Сондықтан тұтынушылар құқығын қорғау саласының мамандары бұл тұтынушыларды алдау екенін атап өтеді. Жасырын және көрсетілмеген ақпарат сатып алушыны өнімнің тұтынушылық қасиеттері мен сапасына қатысты жаңылыстырған. Сонымен қатар, ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңы тұтынушылардың тауарлардың тиісті сапасына құқығын қамтамасыз етеді. Ал, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" кодексінде тұтынушыларды алдағаны үшін жауапкершілік қарастырылған.

"Доңыз еті жылқы етінен жасалған бұқтырылған тағамға қалай түсуі мүмкін? Бұл жағдайда өндірістің технологиясы мен тазалығы бұзылған деп болжауға болады. Мысалы, ет кесетін құралда бұрын шошқа еті болған, сондықтан да бұл жануардың ДНҚ-сы табылған. Бұл тек зертханада анықталатын макромолекула. Алайда, шын мәнінде, бұл ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңын бұзу болып табылады, оған сәйкес әрбір тұтынушы тауар туралы толық, сенімді және дер кезінде ақпарат алуға құқылы", – дейді тұтынушылар құқығын қорғау саласының сарапшысы Жанна Биятан.

Өнімнің таңбаламасына қатысты № 969/442 хаттамаға сәйкес, Кеден одағының "Тағамөнімдерінің таңбаламасына қатысты" 022/2011 техникалық регламентіне сәйкестік бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.

Сарапшылар консервілерді таңдауға қатысты ұсынымдар береді.

Алдымен, құтысын мұқият тексеріңіз. Ешқандай ойықтар немесе зақымдар, сондай-ақ ісіну, жолақтар немесе тот басқан болмауы керек. Егер осы айтылған зақымдардың кем дегенде біреуі табылса, онда сатып алудан бас тартыңыз, себебі, өнімнің зақымдану ықтималдығы жоғары.

Екіншіден, затбелгі мен қақпағындағы өнім туралы ақпаратты оқыңыз. Өндіріс күндері сәйкес келуі керек. Сонымен қатар, жасалған күні бөтелкенің ішкі жағында рельефпен жазылса, жақсы – жазудың мұндай тәсілін "кетіру" мүмкін емес. Егер күндері сәйкес келмесе, бұл бұқтырылған ет жалған болуы мүмкін.

Үшіншіден, өнім атауына назар аударыңыз. Консервілерді МемСТ бойынша жасауға болады (онда сапалы өнімді сатып алу ықтималдығы жоғары) немесе техникалық шарттарға сәйкес. Осылайша, МемСТ бойынша консервілер "Бұқтырылған сиыр еті", "Бұқтырылған доңыз еті" немесе "Бұқтырылған жылқы еті" және т.б. деп нақты көрсетіледі.

Төртіншіден, өнімдерін бұрын сатып алған сенімді өндірушіге ғана басымдық беріңіз.

Бесіншіден, бағасын қараңыз. Бұқтырылған ет өнімі арзан болуы мүмкін емес. Егер айтарлықтай арзан баға көрсетілсе, бұл банкыдегі еттің орнына ет субөнімдері мен терілері қосылғанын білдіруі мүмкін.

Сонымен қатар, құрамын, мысалы, консерванттар немесе әртүрлі химиялық заттар болмас үшін мұқият зерделеу қажет. Ең дұрысы, құрамында ет, май, пияз және дәмдеуіштер ғана болуы керек.

Бұл материалды әлеуметтік жобаның орындаушысы – "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі дайындаған.

Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасын зерттеу нәтижелері туралы "МОТҚҚҚ" ҚБ таратқан ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша 87054222739 байланыс нөміріне немесе Instagram-дағы OZPP.KZ парақшасына хабарласуға болады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: