Дұрыс кептірілген жемістерді қалай таңдауға болады

Дұрыс кептірілген жемістерді қалай таңдауға болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2024 15:15 Сурет: pixabay
Кептірілген жемістер әсіресе, қыста дәрумендер мен минералдардың қоймасы болып табылады. Сонымен қатар, бұл кондитерлік тәттілердің пайдалы алмастырғышы. Дүкен сөрелері мен базарлардағы кептірілген жемістердің көптігі көздің жауын алады.

"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің мамандары әркез сатып алуға асықпауға және өнімнің қауіпсіз екеніне көз жеткізуге кеңес береді.

"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында "Ақпараттық қызмет көрсету арқылы тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу" әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Сонымен қатар, "МОТҚҚҚ" ҚБ тұтынушылардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ Қазақстанда тұтынушыларға сатылатын өнімдердің (тауарлардың) қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету мәселелері бойынша халыққа ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, аккредиттелген ұйымдарда сараптамадан өткен тауарлардың нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сенімді ақпарат таратады.

Жасырын сатып алу әдісін қолданып, салмағы 140 грамм болатын "америкалық қара өрік" (өндірушісі көрсетілмеген) Алматы қаласының Көк базарынан (Қытай супермаркеті) сатылып алынды. Өнім кешенді зерттеуге Алматы қаласы бойынша ҚР ДСМ СЭБК "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалына жіберілді.

Дұрыс кептірілген жемістерді қалай таңдауға болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2024 15:15

Сурет: Жанна Биятан

Сарапшылар өнімнің Кеден одағының"Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 021/2011 техникалық регламентіне сәйкестігіне зерттеу жүргізді. №1240002183582509 және №1240011003554838 микробиологиялық зерттеу хаттамалары бойынша ішек таяқшасы тобының бактериялары, ашытқылар, патогендік микрофлора анықталмады. Сондай-ақ өнімде қорғасын, кадмий немесе күшән (мышьяк) табылған жоқ.

Кеден одағының "Тағамдық өнімдердің таңбаламасына қтысты" 022/2011 техникалық регламентіне сәйкестігі бойынша жүргізілген №1240001023597409 хаттамасына сәйкес "Ұлттық сараптама орталығының" мамандары қара өрік салынған қаптамада мемлекеттік және орыс тілдерінде өнімнің атауы, оның құрамы, тағам өнімдерінің мөлшері, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, өндірушінің атауы мен орналасқан жері, тағамдық құндылығы көрсетілмеген. Сонымен қатар, Бірыңғай ЕАС айналым белгісі жоқ.

Сонымен қатар, ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңының 7-бабына сәйкес, тұтынушылар тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет), сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы ақпаратты алуға және қауіпсіз өнімді (жұмыс, қызмет) сатып алуға құқылы. Ақпараттың мәтіні, сондай-ақ ақпарат "ҚазақстанРеспубликасындағы Тіл туралы" заңының талаптарына сәйкес келуге тиіс. Сол сияқты ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңының 26-бабына сәйкес, сатушы (дайындаушы, орындаушы) тұтынушының назарына атауын (фирманың атауын), орналасқан жерін (заңды мекенжайы) және жұмыс уақытын ұсынуы және бұл ақпараттарды "Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы" заңына сәйкес қазақ және орыс тілдерінде орналастыруға міндетті.

ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы"заңының 25-бабы 7-тармағына сәйкес, бір тілде немесе шет тілінде берілген ақпарат – берілмеген деп есептеледі. Бұл өнімде ақпарат екі тілде қолжетімді емес екенін көреміз. Осы талаптарды орындамау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады. Осылайша, ҚР "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" кодексінің 425-бабының 1-бөлігіне сәйкес, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманың, сондай-ақ гигиеналық нормативтердің, техникалық регламенттердің талаптарын бұзғаны үшін адам денсаулығына зиян келтірмеген жағдайда, жеке тұлғаларға – 30 АЕК, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 230 АЕК-ке дейін, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 310 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 1600 АЕК айыппұл салынады", – деді "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің өкілі Жанна Биятан.

Сондай-ақ сарапшы кептірілген жемістерді таңдаудың жалпы ережелеріне де тоқталды. Ең алдымен, кептірілген жемістерді кептірудің бірнеше жолы бар екенін білу керек. Біріншісі – табиғи жол. Дегенмен, өндіруші үшін бұл көп еңбекті қажет етеді және тиімсіз, өйткені кептіру кезінде жемістердің көпшілігі бұзылуы мүмкін. Жемістерді химиялық заттарды қолданбай-ақ арнайы кептіргіштерде кептіруге болады. Бірақ бұл тек шағын өнеркәсіптерге ғана тиімді. Ал химиялық заттармен кептірілген жемістерді барлық жерде дерлік сатып алуға болады. Мұндай кептірілген жемістерді қалай ажыратуға болады? Химиялық қоспасыз кептірілген жемістердің табиғи күңгірттеу түсі, жылтыры және шын мәнінде, жеміс сияқты иісі бар екенін есте ұстаған жөн, ал ашық түстері, жылтырлығы аз немесе бөтен иісі бар кез келген нәрседен аулақ болған жөн.

Бұл материалды әлеуметтік жобаның орындаушысы – "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі дайындады.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша 87054222739 байланыс нөміріне немесе Instagram-дағы OZPP.KZ парақшасына хабарласуға болады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: