Шаш түзететін үтік қалай қауіп көзіне айналуы мүмкін: косметикалық құралдарды сатып алғанда нені ескеру керек

Шаш түзететін үтік қалай қауіп көзіне айналуы мүмкін: косметикалық құралдарды сатып алғанда нені ескеру керек, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2024 16:08 Сурет: freepik
Заманауи шаш түзететін үтіктер тек сәндеу құралы ғана емес, сонымен қатар қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келмесе, ықтимал қауіп көзіне айналады. Бұл, әсіресе, құрылғылар жеткіліксіз таңбаланған немесе толық емес нұсқаулары болған жағдайда ескеру маңызды.

Мұндай немқұрайлылықтың салдары қаншалықты ауыр болатынына көз жеткізу үшін сатылып алынған шаш түзеткішті нақты мысал ретінде қарастырайық.

2024 жылдың тамыз айында "MOТҚҚҚ" ҚБ өкілі жасырын сатып алушы әдісімен Ақтау қаласындағы дүкендердің бірінен Қытайда жасалған ST 9000 үлгісіндегі "Ledy RAISA" үтігін сатып алған. Ұқыпты қаптама, көз тартатын сыртқы түрі мен керемет заманауи дизайнына қарап, өнімді жоғары сапалы санауға болады. Бірақ, әрқашан өнімге деген сенімділік – қауіпсіздік стандарттарына сәйкестігі мен өндірушіге қатысты толық ақпараты болғанда ғана оянуы керек.

Шаш түзететін үтік қалай қауіп көзіне айналуы мүмкін: косметикалық құралдарды сатып алғанда нені ескеру керек, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2024 16:08

Сурет: Жанна Биятан

Құрылғының қауіпсіздігін растау үшін ол "Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" АҚ Астана қаласындағы филиалының аккредиттелген сынақ орталығына сынақтан өткізуге жіберілді. Сынақ "Төмен вольтты жабдықтың қауіпсіздігі туралы" және "Техникалық жабдықтың электромагниттік үйлесімділігі" стандарттары талаптарына сәйкестігіне қатысты жүргізілді. Бұл техникалық регламенттер пайдаланушының денсаулығына қауіп келтірмес үшін өндіруші ұстануы тиіс нақты өлшемдерді белгілейді.

2024 жылдың 14 тамызындағы № 3153Э сынақ хаттамасына сәйкес, электр құрылғысы оқшаулауды қорғау стандарттарына сай келді, сонымен қатар электромагниттік үйлесімділігі де сыналды. Дегенмен, тексеру нәтижелері таңбалама мен ілеспелі құжаттамасына қатысты бірқатар кемшіліктерді анықтады:

  1. Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі пайдалану құжаттамасының болмауы. Бұл Қазақстан Республикасының заңнамасына сай келмеуімен қатар, сатып алушылар үшін құрылғыны пайдалану ережелерін түсіну қиынға соғатын кедергі де болып табылады.
  2. Таңбаламада өндірушінің атауы немесе тауар белгісі туралы ақпарат жоқ. Бұл өндірушіні анықтауды қиындатады және ақаулар немесе қауіпті сипаттамалар анықталған жағдайда өндірушімен жедел байланысуға мүмкіндік бермейді.
  3. Құрылғының сипаттамалары мен өлшемдеріне қатысты ешқандай ақпарат көрсетілмеген. Мысалы, номиналды қуат тұтынуы немесе номиналды ток сияқты ақпарат сатып алушы құрылғыны үйде пайдаланғанда қаншалықты қолайлы болатынын түсінуі үшін анық белгіленуі керек.
  4. Қауіпсіз пайдалану және ақаулар анықталған жағдайда қолданылатын шаралар туралы мәліметтердің болмауы. Бұл, әсіресе, жылумен өңделетін құрылғылар үшін өте маңызды, өйткені қызып кету немесе ақаулық орын алған жағдайда пайдаланушы жарақаттануды немесе өртті болдырмау үшін қандай әрекет жасау керектігін білуі керек.
  5. Өндірушінің немесе импорттаушының аты, орналасқан жері және байланыстары туралы ақпарат жоқ. Мұндай ақпарат тек сатып алушы үшін ғана емес, нарықтағы өнімдердің сәйкестігін тексеретін реттеушілер үшін де маңызды.
  6. Шығарылған айы мен жылы туралы ақпараттың болмауы. Бұл құрылғының қызмет ету мерзімін анықтауға және ауыстыруды немесе жоюды жоспарлауға арналған негізгі ақпарат саналады.

Ақпараттың толықтығы мен сенімділігі тұтынушылар қауіпсіздігінің кепілі болып табылады. Егер сатып алушы қандай да бір мәселеге тап болса (мысалы, қысқа тұйықталу), дұрыс әрекет ету туралы нұсқаулықтың болмауы ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, өндірушіге немесе шығарылған күніне қатысты ақпараттың болмауы ақау орын алған немесе құрылғы зиян келтірген жағдайда тұтынушының құқығын қорғау мүмкін болмай қалады.

"Кез келген электр құрылғысын сатып алғанда сыртқы түрі мен бағасына ғана емес, затбелгідегі ақпаратқа да назар аударған жөн. Өндірушіге, шығарылған күні мен пайдалану нұсқауларына қатысты толық ақпараттың бар-жоғына назар аударыңыз. Егер бұл деректер болмаса, онда тәуекелге барудың қажеті жоқ. Қауіпсіз өнім беруді сұрап, дереу дүкенге хабарласқан дұрыс, себебі, біз сіздің денсаулығыңыз бен отбасыңыздың қауіпсіздігі туралы айтып отырмыз", – дейді тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі сарапшы Алия Алибекова.

"MOТҚҚҚ" ҚБ тұтынушыларға сапа стандарттарын сақтаудың маңыздылығын жеткізу мақсатында әлеуметтік жоба аясында жүйелі түрде ақпараттық іс-шаралар мен зерттеулер жүргізеді. Бұл жай ғана бұзушылықтарды тіркеу емес, мақсаты – нарықты өзгерту, оны барлық қатысушылары үшін қауіпсіз ету. Өйткені, сатушылар мен өндірушілер өз өнімдерінің егжей-тегжейіне дейін стандарттарға сай келетініне сенімді болса, сатып алушылар өз үйлерінде тұрмыстық техника мен электрониканы қорықпай пайдалана алады.

Бұл материалды әлеуметтік жобаның орындаушысы – "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі дайындаған.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша 87054222739 байланыс нөміріне немесе Instagram-дағы OZPP.KZ парақшасына хабарласуға болады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: