Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың заманауи мәселелері: Қазақстандағы өнімдерді зерттеу нәтижелері

Торговля, зеленый базар, рынок, продукты, продавцы, покупатели, цены на продукты, овощи, фрукты, ягоды, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2024 16:22 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
21 ғасырдың қарқынды дамып келе жатқан тұтыну нарығында тұтынушылар өз сөрелеріндегі өнімдер сапа мен қауіпсіздіктің жоғары стандарттарына сәйкес келетініне сенімді болғысы келеді.

Дегенмен, біз өнімнің, әсіресе, "шетелдіктердің" жарқын қаптамасының арғы жағында не жасырылғаны туралы қаншалықты жиі ойлаймыз? Бұл мәселеде қызметі тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған мамандар көмекке келеді. "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің әлеуметтік жобасы аясында Қазақстан нарығында ұсынылған өнімдерді тексеру шаралары қолға алынды. Сарапшылар тауарлардың әділ бағасын қамтамасыз ету үшін құпия сатып алу әдісін қолданды және тиісті тексерулер жүргізді, оның нәтижелері бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кең аудиториямен бөлісілді.

Жобаның мақсаты – тұтынушыларды сатып алатын тауарларының қауіпсіздігі мен сапасы туралы толық ақпаратпен қамтамасыз ету. 2024 жылдың маусым-қазан айлары аралығында мамандар Қазақстанда сатылатын бірқатар халық тұтынатын тауарларды сатып алды, содан кейін оларды техникалық регламенттер мен МемСТ-қа сәйкестігін тексеру үшін аккредиттелген зертханаларға жіберді.

Құқыққорғаушы-сарапшылар өнім таңбаламасының маңыздылығын атап көрсетеді. Бұл тұтынушыға өнімді "таныстырудың" бірінші және ең қолжетімді жолы. Бұл өнімге деген сенім деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін таңбалау.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың заманауи мәселелері: Қазақстандағы өнімдерді зерттеу нәтижелері, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2024 16:22

Сурет: Жанна Биятан

Зерттеу сөрелердегі көптеэген өнімдер таңбалама стандарттарын бұзатынын көрсетті. Мысалы, шілде-қазан айларында жасырын сатып алу әдісімен Ақтау сөрелерінен сатылып алынған тауарлар кейіннен Маңғыстау облысы бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігі СЭБК "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК кешенді сараптамаға жіберілген:

  1. Ультрапастерленген ауыз сүті (майлылығы 3,2%) және тоңдырылған теңіз коктейлі: мемлекеттік тілде таңбаланбаған. Қазақ тіліндегі ақпараттың жоқтығы заңды бұзу ғана емес, тұтынушылардың құқықтарын тікелей шектеу, әсіресе, сүт өнімдері тез бұзылатын өнім болғандықтан, сапасын мұқият бақылауды қажет ететіндіктен, қаптамасында толық ақпараттың болуы. тұтынушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін өте маңызды.
  2. Теңіз қырыққабаты және "Бадьян" дәмдеуіштері: мемлекеттік тілдегі таңбаламасы жоқ: шығарылған күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары және тағамдық сипаттамалары көрсетілмеген. Қаптамасында ЕАС белгісі (Еуразиялық экономикалық одақтағы тауар айналымының бірыңғай жүйесі) болмаған, бұл да техникалық регламенттерге елеулі түрде сәйкес келмеу болып табылады.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың заманауи мәселелері: Қазақстандағы өнімдерді зерттеу нәтижелері, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2024 16:22

Сурет: Жанна Биятан

Бүгінде тұтынушылар өндірушілер мен сатушылардан ашықтық пен қауіпсіздікті талап етуде. Бәсекеге қабілетті және нарықтың жаһандануы кезінде таңбалама сияқты әрбір ұсақ-түйек өнімді таңдауда шешуші рөл атқара алады. 21-ғасырдың тұтынушылары арзан бағамен келісуге дайын емес – олар не сатып алатынын анық білгісі келеді және дүкен сөрелеріндегі тауарлар барлық сапа мен қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келетініне сенімді болғанды қалайды.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың заманауи мәселелері: Қазақстандағы өнімдерді зерттеу нәтижелері, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2024 16:22

Сурет: Жанна Биятан

Бірақ, тұтынушылардың құқықтары үшін белсенді күреске қарамастан, жеткіліксіз таңбалама мәселесі әлі де бар. "МОТҚҚҚ" ҚБ жақында жүргізген зерттеуі тіпті, ірі өндірушілер мен импорттаушылар да өнім туралы толық ақпарат берудің маңыздылығын ұмытып, ережелерді бұзуы мүмкін екенін анық көрсетеді.

"Өнімді сынаудың дәстүрлі әдістерінің маңыздылығы бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтпайды. Жапсырмаларды оқудың қарапайым, бірақ қуатты техникасы тұтынушылардың не сатып алып жатқанын түсінуінің негізгі құралы болып қала береді. Әрбір тұтынушы есте сақтауы керек: қаптамада толық ақпарат болмаған жағдайда, бұл алаңдатарлық белгі және мұндай өнімді сатып алудан бас тартқан дұрыс". Құқыққорғаушы-сарапшы Алия Алибекова
Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың заманауи мәселелері: Қазақстандағы өнімдерді зерттеу нәтижелері, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2024 16:22

Сурет: Жанна Биятан

Дұрыс таңбалама – өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етудің міндетті шарты болып табылады. Өндірушілер мен сатушылар заңдарды сақтауға және тұтынушы саналы таңдау жасай алуы үшін барлық қажетті мәліметтерді екі тілде (қазақ және орыс) ұсынуға міндетті.

Сараптамалардың нәтижелері таңбалама мен өнім сапасы стандарттарына сәйкестік өндірушілерден де, бақылаушы органдардан да назар аударуды талап ететінін растайды. 21-ғасыр тұтынушылары өнімдер туралы толық ақпарат алуға құқылы және бұл құқық барлық деңгейде қорғалуы керек.

Әлеуметтік жобаның орындаушысы – "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі дайындаған бұл материаал тұтынушылардың өз құқықтарын білу деңгейін арттыруға ықпал етеді.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша 87054222739 байланыс нөміріне немесе Instagram-дағы OZPP.KZ парақшасына хабарласуға болады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: