Азық-түлік қауіпсіздігі – тұтынушыларға деген қамқорлық

Азық-түлік қауіпсіздігі – тұтынушыларға деген қамқорлық, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2024 12:11 Сурет: pixabay
Азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі әрбір қазақстандықты алаңдатады. Денсаулық пен өмір сапасын сақтау – біздің сатып алатынымызға тікелей байланысты.

Сондықтан Қазақстанда 2024 жылдың маусым-қазан айлары аралығында ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті қоғамдық ұйымдардың қолдауымен мемлекеттік тапсырыстар шеңберінде азық-түліктік және азық-түліктік емес тауарларға ауқымды мониторинг жүргізді. Бұл жобаның мақсаты – Қазақстан нарығында ұсынылатын тауарлар сапасының Қазақстан стандарттарына және Кедендік (Еуразиялықэкономикалық) одақ талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету болып табылады.

Құпия сауда әдісі арқылы сатып алу қазақстандық дүкендердің сөрелерінде күн сайын пайда болатын тауарларды тексеруге мүмкіндік берді. Жартылай ысталған шұжықтар – "Дуслак халяль. Венская халяль" құс етінен жасалған және ресейлік өндіруші "Хайруллов" ЖК шығарған "Конская халяль"-ды осы жылдың қазан айында "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің белсенділері Орал дүкендерінің бірінен сатып алды.

Азық-түлік қауіпсіздігі – тұтынушыларға деген қамқорлық, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2024 12:11

Сурет: Жанна Биятан

Өнімдер "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы", "Құс етінің және оны қайта өңдеу өнімдерінің қауіпсіздігітуралы" және "Тағам өнімдерінің таңбаламасына қатысты" техникалық реттеуіштерге сәйкестігіне "Ұлттық сараптама орталығы" Орал қаласындағы филиалының зертханасында кешенді сараптамадан өтті.

Азық-түлік қауіпсіздігі – тұтынушыларға деген қамқорлық, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2024 12:11

Сурет: Жанна Биятан

Таңбалама сараптамасы бірқатар сәйкессіздіктерді анықтады: қаптамаларда өнімнің саны (салмағы) көрсетілмеген, мемлекеттік тілдеақпарат болмаған, өнімді пайдалану бойынша ұсынымдар берілмеген, мысалы: аллергиясы бар адамдар үшін шектеулер бр-жоғы көрсетілмеген. Сонымен қатар, үлгілердің ешқайсысында ГМО көмегімен алынған компоненттердің бар-жоғы туралы ақпарат жоқ, сондықтан біз бұл өнімдердің толық қауіпсіздігі туралы айта алмаймыз.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі сарапшы Алия Алибекова атап өткендей, қаптамадағы толық және сенімді ақпарат әрбір сатып алушыны алаңдатады, ол не сатып алып, не жейтінін білуі керек.

"Пайдалануға арналған ұсынымдар, ингредиенттер туралы ақпарат және ықтимал шектеулер тұтынушыға қауіпсіз және саналы таңдау жасауға көмектеседі. Ал қазақ тіліндегі таңбалама – ұлттық ерекшеліктерді құрметтеу және барлық қазақстандықтар, соның ішінде егде жастағы адамдар үшін өнімнің құрамы мен сипаттамаларын білу мүмкіндігі", – деді А.Алибекова.

"Таңбалама ережелерін сақтау қазақстандық нарықта тұтынушылар құқығын құрметтеу мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Өз кезегінде тұтынушылар тауарды таңдағанда бағасы мен брендіне ғана емес, өнімнің белгіленген талаптарға қаншалықты сәйкес келетініне де назар аудара отырып, саналы таңдау жасай алады", – деп қосты ол.

Сарапшы шұжықтарды сатып алғанда орамды мұқият тексеруді ұсынады:

  • Жарамдылық мерзімі. Мерзімі ұзағырақ болған сайын өнімде консерванттар көп болады.
  • Қаптаманың тұтастығы. Қаптамасының бұзылуына жол берілмейді – бұл өнімнің бүлінгенінің міндетті белгісі.
  • Құрамы және құрамдас бөліктері. Жасанды қоспалары жоқ өнімдерге, соның ішінде шұжықтарда жиі кездесетін натрий глутаматының жоқтығына көңіл бөлген дұрыс және мұндай қоспаларды үнемі тұтынған жағдайда денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін.

Қазақстандағы өнім сапасы мен қауіпсіздігінің жоғары стандарттарына қолжеткізуде мемлекет тұтынушылар құқықтарын қорғауда маңызды рөл атқаратын қоғам белсенділерімен ынтымақтасады. Мемлекеттік қолдау тәуелсіз тексерулер жүргізуге, анықталған бұзушылықтарды одан әрі жоюға жіберуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың бірлескен жұмысы да кәсіпкерлер мен тұтынушылар арасында сенімділік орнатуға жасалған қадам.

Мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың келісілген жұмысы тұтыну нарығын қауіпсіз етеді. Ресми қолдау және тәуелсіз сараптама стандарттарға сәйкес келмейтін өнімдердің нарыққа енуіне жол бермеуге көмектеседі. Бірлескен жобалар мониторинг ауқымын ұлғайтуға және зерттеу нәтижелерін таратуға мүмкіндік береді, осылайша әрбір қазақстандық өнім сатып алған кезде оның қауіпсіздігіне сенімді бола алады.

Бүгінде өнім сапасын бақылау тек тексеру емес, ұлт денсаулығына үлес қосу және жоғары талаптарды орындауға дайын саналы өндірушілерді қолдау болып табылады. Мұқияттылық танытайық, өйткені денсаулығыңызды күту сапалы және дәлелденген өнімдерді таңдаудан басталады.

Сарапшы әрқайсымыз өнімді сақтау жағдайларына қызығушылық танытуымыз керек екенін, өйткені саналы таңдау да қауіпсіз тұтыну нарығын қалыптастыруға үлес қосатынын айтады.

Бұл материалды дайындаған "МОТҚҚҚ" ҚБ тұтынушылар жоғары сапалы және дұрыс таңбаланған өнімдерді таңдау арқылы жоғары стандарттарды өз бетінше сақтай алатынын еске салады.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша Instagram OZPP.KZ, 87054222739 телефоны арқылы немесе БҚО бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің 8 (711) сенім телефоны арқылы хабарласа аласыз.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: