Астанада жаңа жылдық дастарханға қанша ақша кетеді

Жаңа жылдық дастархан астаналықтарға қанша теңгеге түседі, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.12.2022 12:09 Сурет: unsplash
Биылғы Жаңа жыл бұрынғылардан өзгерек. Өйткені ресми статистикаға сай азық-түлік бағасы бір жылда 22,3% қымбаттады. Бағаның ең көп көтерілуі Астанада байқалды. Zakon.kz астаналықтар биылғы мерекелік дастарханға қанша жұмсайтынын есептеп көрді.

Есептеу жеңіл болуы үшін мәзірді бірнеше тақырыпқа бөлдік: ыстық тағам, салаттар, шай үстелі және сусындар.

Ең әуелі ыстық тағам қанша тұратынын есептеп көрейік. Ол үшін үш тағам: бесбармақ, манты және пісірілген қаз немесе тауық етін алдық.

Бесбармақ дайындау үшін сиыр, жылқы немесе қой еті керек. Бағасы ет сатып алатын жерге байланысты. Мысалы, базарда жылқы етінің келісі 3300 теңге тұрса, дүкенде 3900 теңгеден және одан да жоғары бағада тұр. Сиыр етінің келісі базарда 2800 теңге тұрса, дүкенде 3500 теңге және одан да жоғары. Қой еті сәл арзанырақ, базарда келісі 2500 теңге.

Ұнның екі келісі 780 теңге және одан да жоғары. Айтпақшы, супермаркеттер желісінде жаңа жыл алдында жеңілдік болып жатыр және 2 келі ұнды 550 теңгеден сатып алуға болады.

Манты пісіру арзанырақ болады: 1 кг тартылған ет дүкенде 2800 теңге тұрады.

Отандық қаз базарда келісі 3000-3500 теңгеден сатылады, тауық еті арзанырақ – 2000-2500 теңге.

Салаттар

Жаңа жылдық дәстүрлі салаттарды алдық: оливье салаты, тон астындағы майшабақ, сонымен қатар қияр мен қызанақтан жазғы салат.

Оливье салатының есебі:

  • картоп - келісі 261 теңге;
  • сәбіз - келісі 99 теңге;
  • жұмыртқа - он данасы 650 теңге;
  • "Докторская" пісірілген шұжығы – 534 теңгеден және одан жоғары;
  • маринадталған қияр – 1 банка 1199 теңге;
  • қияр –  1549 теңге;
  • жасыл бұршақ консервілері – 1 банка 469 теңге;
  • майонез – 955 теңгеден және одан жоғары;
  • тұз - 90 теңге;
  • жаңадан ұнтақталған қара бұрыш - 400 теңге.
  • Барлығы: орта есеппен 4657 теңге.

"Тон астындағы майшабақ" салаты.

  • қызылша - келісі 210 теңге;
  • сәбіз – келісі 99 теңге;
  • жұмыртқа - он данасы 650 теңге;
  • майонез – 955 теңгеден және одан жоғары;
  • картоп - келісіне 261 теңге
  • майшабақ – 795 теңгеден 3349 теңгеге дейін.
  • Барлығы: орта есеппен 2970 теңге.

Жаңа жыл қарсаңында қияр күрт қымбаттады. 29 желтоқсанда келісі 2000 теңге болды. Супермаркеттегі қызанақ арзанырақ – 879 теңге.

Шай

Шайға астаналық кондитерлерден тортты 5-6 мың теңгеге сатып алуға болады.

Шоколадтарды орташа есеппен келісін 3000 теңгеден сатып алуға болады.

Жемістер

Жаңа жылдық дастарханды жеміс-жидексіз елестету мүмкін емес. Бірақ биыл олар айтарлықтай қымбаттады. Оған қоса сапасы бағасына сай өнімді табу керек.

  • Алманың келісі 300 теңгеден және одан жоғары.
  • Банан келісі 700 теңгеден және одан да көп.
  • Мандарин 1500 теңгеден және одан жоғары.
  • Ананастың келісі 2000 теңге.

Сусын

Шампан - жаңа жылдық дастарханның таптырмас атрибуты. Газдалған шараптың бағасы 1500 теңге және одан жоғары.

Шырын 515 теңге және одан жоғары.

Газдалған судың бір бөтелкесінің бағасы 200 теңге және одан жоғары.

Алкоголь сусын қымбатырақ. Коньяк орташа есеппен 1719 теңгеден және одан жоғары тұрады. Арақ әртүрлі және оның бағасы сәйкесінше бірдей: бірақ орташа есеппен 2000-2500 теңгеге сатып алуға болады. Шараптың орташа бағасы шамамен бірдей. Бағасы адамның талғамына, қалауы мен мүмкіндіктеріне, сонымен қатар өндірілген еліне байланысты.

Жалпы жаңа жылдық дастарханға астаналықтар кем дегенде 36 мың теңге жұмсайды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: