Мәулен Әшімбаев Ұлттық қор қаражаты азайғанын айтып, ортақ тапсырманы еске салды

Мәулен Әшімбаев Ұлттық қор қаражатының төмендегенін айтып, тапсырманы еске салды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2023 11:53 Сурет: senate.parlam.kz
16 наурызда палатаның жалпы отырысында сенат спикері Мәулен Әшімбаев үкіметті қаржылай тәртіпке шақырып, Ұлттық қордың көлемін 100 миллиард долларға жеткізу міндетін еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәулен Әшімбаев депутаттар Ұлттық қор қаражатын базалық, кейбір инфрақұрылымдық және басқа да стратегиялық жобаларды жүзеге асыруға жұмсауды қолдайтынын атап өтті. Бұл ретте ол Мемлекет басшысының Ұлттық қорды 100 миллиард долларға жеткізу туралы тапсырмасын еске салды.

"Мемлекет басшысының Ұлттық қорды 100 миллиард долларға жеткізу туралы тапсырмасын орындауымыз керек. Қазір Ұлттық қор ресурстарының төмендеу тенденциясын көріп отырмыз. Кейінгі сегіз жылда біздің Ұлттық қордың қаражаты 73 миллиард доллардан 57 миллиард долларға дейін азайды, яғни төмендеу үрдісін көріп отырмыз. Мүмкін бір-екі жылда тұрақтандыру байқалған шығар, бірақ сонымен бірге оны 100 миллиард долларға жеткізу міндеті тұр. Мұндағы біздің міндет – Ұлттық банк басшысы айтқандай Ұлттық қорды барынша көбейту, сол арқылы балаларға бөлінетін қаржыны көбейту. Осы орайда, Ерұлан Кенжебекұлы, әріптестер, алдағы кезеңде қаржылық тәртіп әркімге керек. Енді мәжілістің жаңа депутаттары жаңа күн тәртібімен, жаңа партиялармен келеді, ақша сұрайды. Олардың өз міндеттері бар екені анық, олар өз жұмысын сайлаушыларға көрсетуі керек. Бірақ бүгінде Ұлттық қордың қаражатын пайдалану, жалпы экономиканы дамыту жағынан бізге айтарлықтай қиын, сондықтан әркім қаржылай тәртіпке келуі керек.", - деді Мәулен Әшімбаев.

Жалпы оның айтуынша, Қазақстанда кейінгі бес жылда республикалық бюджеттің кірісі мен мұнайдан түсетін түсімдер 66% артқан. Бұл ретте осы кезеңдегі шығын 120% өсті.

"Бізде кіріс емес, шығыс екі есе өсті. Осыған байланысты үкіметтің бұл ақшаны не Ұлттық қордан, не бюджет тапшылығын арттыру арқылы алуы түсінікті және қисынды. Бюджетті нақтылауда біз бюджет тапшылығының бұрынғы деңгейде қалғанын, яғни Ұлттық қордан тартылғанын көреміз. Басқа дереккөз жоқ. Немесе салық базасын ұлғайту қажет. Осы орайда бәрімізге қаржылай тәртіпке келіп, стратегиялық шығынға Ұлттық қордың қаражатын ғана жұмсап, жалпы алғанда Ұлттық қордың активтерін ұлғайту бойынша нақты стратегиямыз болуы керек". Мәулен Әшімбаев

Бұған дейін сенаттың жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі Бауыржан Омарбеков 2023 жылға арналған бюджет параметрлерінің нақтыланған болжамын таныстырды. Оның айтуынша, республикалық ауқымдағы әлеуметтік маңызы бар жобаларды және стратегиялық маңызы бар инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға Ұлттық қордан 800 млрд теңге көлемінде қосымша нысаналы трансферт тартылады.


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: