Қазақстан-қытай шекарасындағы кезек жемқорларға қызық болып отыр - cенат спикері
Сурет: gov.kz
Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Қазақстан-Қытай шекарасында кезекте тұрған мүдделі адамдар мен жемқор шенеуніктер көп деп есептейді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәулен Әшімбаев Қазақстан-Қытай шекарасындағы жағдайды инфляциялық қысым факторларының бірі деп атады. Ол тауардың үлкен көлемі Қытайдан келетінін де атап өтті.
"Көп кептеліс, қиын жағдайлар, кезектер, делдалдар көбейген сайын жемқорлық, бопсалаулар көбейеді және бұл бопсалаулардың бәрі түптеп келгенде тұтынушылардың мойнына түседі. Шекарадағы жағдайды реттеп, кейбір кедергіні алып тастап, бағаның осы келеңсіз жағдайларға қарағанда төмен болатынына ықпал етіп жатырмыз. Кейінгі кезде кәсіпкерлер тарапынан көліктердің шекарада өте ұзақ тұратыны туралы шағымы жиілеп кетті".Мәулен Әшімбаев
Ол мемлекет басшысының тапсырмасын орындайтын, яғни Қазақстан-Қытай шекарасы арқылы тасымалдау құнын төмендету мақсатында тәртіпті қалпына келтірудің уақыты келгенін баса айтты.
"Бұған қызығатындар көп сияқты, әсіресе жемқорлар. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, осы мәселемен қатаң түрде айналысып, барлық процесті автоматтандыру керек. Менің ойымша, Қытай тарапы бұған қарсы емес. Қытаймен шекарада кеден және басқа құрылымдар тарапынан жасалған кедергілер бар. Бұл - біздің елдегі бағаға әсер ететін факторлардың бірі. Ал біз бұл факторды жоя аламыз. Ол көп жағынан жасанды. Пандемия аяқталды, Қытай жағынан саясаты өзгерді. Бірақ шекарадағы кезек әлі сақталып отыр".Мәулен Әшімбаев
10 наурызда ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Алматыға жұмыс сапары барысында Қазақстан-Қытай шекарасындағы жағдайды шешу туралы айтты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript