"Ерлі-зайыптыларға арналған бақытты отбасының 4 ережесі

Отбасының 4 ережесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2022 12:00 Сурет: Zakon.kz
Екі адамның қарым-қатынасы екеуі не де бақыт әкелуі үшін, жағымды өмір сүруге жетелеуі үшін еңбектене де білу керек. Отбасылық психологтар қарым-қатынас үшін екі адамның да жұмысы маңызды дейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Егер ерлі-зайыпты күнделікті өмірде "табысты қарым-қатынастың төрт ережесін" ұстанса, ажырасудың 70%-ы болмас еді", - деп жазды Массагет порталы.

Коммуникация құру

Қарым-қатынас бақытты болуы үшін бір-бірінің отбасыдан тыс өмірінде не болып жатқанына жаны ашуы маңызды. Бұл күннің қалай өткенін үнемі егжей-тегжейлі айтып беру деген сөз емес. Мұндай болмаса уақыт өте келе қатты ғашық жұптардың өзі қызығушылықтың жоғалуына ұрынады. Кері байланыс – бұл коммуникация, өмірлік серік етіп таңдаған адамыңызды тыңдау. Бір-біріңіздің өміріңізде болып жатқан нәрселерге шынымен қызығушылық танытсаңыз, екеуіңіз де өзіңізді жақсы сезінесіз.

Жақсы да, жаман да сезімдерді іште бүкпей, білдіру

Табысты қарым-қатынастың өте маңызды құпиясы: белгілі бір әрекеттерге реакцияңызды серігіңізден жасырмау. Жұбайыңызға оның қай әрекеті сізге ләззат беретінін, ал не, керісінше, қолайсыздық тудыратынын айтыңыз. Бұл жайында сабырлы түрде шынайы сөйлесіңіз. Одан жауап немесе реакция күтпеңіз, жай ғана айтыңыз. Мысалы, достарыңызбен кездесу кезінде ол сізді ренжіткен болса, онда үйге келгенде немесе келесі күні оған оның мінез-құлқында сізге жағымсыз әсер ететін нәрселер бар екенін ашық түсіндіріңіз. Содан кейін әңгіме тақырыбын өзгертіңіз. Сіздің серіктесіңіз бұл проблема туралы кейін ойланады және егер ол сізді жақсы көретін болса, келесі жолы басқаша әрекет етер.

Психолог-консультант Манап Алмагүл ең маңызды әдіс күнде жұбыңызбен әңгімелесуге 20-30 минут арнау деп есептейді.

"Аптасына 1 рет өздеріңізге 1 күн арнаңыз – бірге таңғы ас, серуен, кино, театр, тек екеуіңіз ғана. Жарыңыздың 100 құндылығын жазып қойыңыз, ренжіген кезде алып, оқыңыз, осындай адамның сізге бұйырғанына шүкір етіңіз. Әдетте біз жарымызды өзіміздің травмамыздаң таңдаймыз. Әкесіз өскен қыз әкелік махаббаты күтеді. Ал ер азамат аналық жылу іздейді. Бірақ әркім өз жұбының индивид, жеке тұрға екенін алға шығаруы керек. Әңгіме бәрін шешеді. Егер баламызға жанымыз ашып, әкесі де, шешесі де, түсініксіз болған нәрсені сұрап, шешуге тырысып, әңгімеге тартатын болсақ, жұбайымызға да сондай жанашыр болуымыз керек" - дейді психолог.

Жылы шырай таныту

Күлімсіреу – жақсылық пен бақыттың көрінісі. Сіздің қарым-қатынасыңыздан қалағаныңыз осы емес пе? Комедияларды бірге көріңіз, әзіл айтыңыз, әзіл-қалжыңға толы пікірлер айтыңыз, күлімсіреу үшін кез келген сылтау табыңыз. Күлімдеу, көңілді болу ұзақ мерзімді қарым-қатынас үшін қуат болады.

Құшақтасу 

Құшақтасудың маңызын ғылым да дәлелдеген. Табысты қарым-қатынасқа арналған ережелер жиынтығы физикалық байланыссыз толыққанды болмайды. Күн сайын сіз құшақтау, сүю арқылы бір-біріңізге деген сүйіспеншілігіңізді көрсеткеніңіз дұрыс: шын жүректен құшақтау, күтпеген сүйісу, қол ұстасып серуендеу, арқасынан сипау... Осының барлығы қарым-қатынасты нығайтады. Сүйікті адамыңызға қарым-қатынастың осы құпияларын айтып, сезіміңізді сақтауға бірге еңбектеніңіз.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: