Алматыда жаңа жолайрықтары салынады

Алматы, көпірлер, айрықтар , сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2022 15:48 Сурет: Zakon.kz
Алматыда биыл жаңа жолайрығының құрылысы басталады, деп хабарлайды Zakon.kz

Әкімшілік полиция басқармасының мәліметінше, жаңа жолайрығы Саин және Мөңке би көшелерінің қиылысында салынады, сондай-ақ Төле би даңғылының батысын әрі қарай созу жұмыстары жоспарланған.

Сонымен қатар, биыл Абай даңғылын, Саин көшесін, Әуезов көшесін созу, Сейфуллин даңғылының Жансүгіров көшесімен және Бұқтырма көшесінің Құлжа жолымен қиылысында жолайрықтар салу жоспарланған. Бұдан бөлек ұзындығы 3,1 км болатын "Сарыарқа" және "Бауыржан Момышұлы" метро станцияларын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Болатбек Баятанов

Сонымен бірге "Думан" шағынауданындағы ұзындығы 30,5 км жолды күрделі жөндеуді, "Алғабас", "Қайрат" және "Әлмерек" шағынаудандарындағы жалпы ұзындығы 43,1 км болатын 141 көше салу жұмыстарын аяқтау жоспарда бар.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: