Президент Алматы өңірінің бірқатар азаматын мемлекеттік наградалармен марапаттады

Президент Алматы облысының халқын марапаттады, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2022 12:28 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы елеулі жетістіктері мен Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін Алматы өңірінің бірқатар азаматын мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының Жарлығымен елеулі жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін:

  • «Парасат» орденімен Ұлттық қой өсірушілер одағы кеңесінің төрағасы Тынышбай Досымбеков;

  • «Құрмет» орденімен еңбек ардагері Виктор Иванович Волокитин;

  • «Ерлігі үшін» медалімен ТЖМ Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жедел-құтқару жасағы Қонаев қаласы құтқару бөлімшесінің құтқарушысы Қуаныш Қайыржанұлы Қайыржан;

  • «Ерлігі үшін» медалімен ТЖМ Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің инженері Жасұлан Жақсылықұлы Нүсіпов;

  • «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Оңтүстік агропаркі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас агрономы Қали Жетібайұлы Қаңтарбаев;

  • «Ерен еңбегі үшін» медалімен Абай ауылындағы №2 орта мектебінің директоры Бәтима Кәлпеқызы Нысанбаева;

  • «Ерен еңбегі үшін» медалімен Жамбыл аудандық «Атамекен» газетінің аға тілшісі Рәпбек Сәдуақасұлы Терлікбаев наградталды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: