Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың туыстарына қандай көмек көрсетіледі
Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай ұшақ апатынан қаза тапқандардың туыстарына қандай көмек көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Барлық қажетті көмекті көрсетеміз. (...) Тізімдегілердің туыстарына. Бұл жерде олардың таныстары да, достары да жоқ. Осы мүмкіндікті пайдаланып сұрайын деп едім, Ақтауға келіп жатсаңыздар, +7 702 5253101 телефон нөміріне жазыңыздар. Тәулік бойы осы нөмір арқылы көмек алуға болады. Тек кімнің туысы екеніңізді айтсаңыз болғаны", - деді әкім.
Бұған дейін Ақтауда ұшақ құлаған жерде жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай енгізілгені хабарлаған едік.
Қайғылы оқиға 25 желтоқсан күні түскі уақытта болды. Бакуден Грозныйға ұшып шыққан жолаушылар ұшағы Ақтау әуежайының маңында апатқа ұшырады.
Кейінгі мәлімет бойынша, Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалғандар саны - 29 адам. Ұшақ құстармен соқтығысқан болуы мүмкін. Бортта Қазақстан азаматтары да болған. Ұшақта болған алты қазақстандықтың бәрі қаза тапты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript