Ежелгі Тараз қаласында ислам діні қалай орнады

Тараз тарихы туралы, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.01.2023 17:57 Сурет: Айдар Өрісбаев
Тараз қаласының 2000 жылдан астам тарихы бар. Бұл шаһар жайлы алғашқы естеліктер біздің заманымызға дейінгі 1-мыңжылдықтың аяғында кездеседі. Талас өзені жағалауындағы жерлерге иелік еткен ежелгі Қангөй мемлекеті жайлы қытай саяхатшысы жазып кеткен.

Нақты қаланың қашан пайда болғаны белгісіз, алайда, біздің заманымызға дейінгі 138 жылы Қытайдан батысқа қарай жол тартқан алғашқы елшілік керуеннің құжаттарында бұл қала жайлы деректер келтірілген. 

Ал 586 жылы Тараз атауы византиялық шежірелерде аталған: Түрік қағаны Дизабұл мұнда ақсүйек Земарх бастап келген Юстиниан II Византия елшілігін қабылдаған. Олар бұл аймаққа қуатты әскери одақтас табу, сондай-ақ сауда мәселелерін шешу мақсатында келген екен. Ол кезде Тараз қаласының аумағы шамамен 15 гектар, айналасы 4 шақырымға созылған бекініспен қоршалған еді. Ішінде қамал, патша резиденциясы, дүңгешектер мен шеберханалар болған. Сондай-ақ шаһарға келген көпестер үшін керуен сарай, базар салынған.

Ежелгі Таразда түркі қағандары билік құрған заманда әртүрлі дін өкілдері бейбіт өмір сүрді. Х ғасырда араб географы әл-Мағдиси: «Тараз – бекiнiстi үлкен қала, бау-бақшалы, халқы көп, айнала ормен қоршалған, төрт қақпасы және рабады бар. Ал базардың қақ ортасында үлкен мешiтi көрiнiп тұрады» - деп сипаттайды. 

«Төрткүл» ежелгі керуен-сарайы сол кездері Ұлы Жібек жолының бойындағы ірі сауда орталықтарының бірі саналған. Керуен-сарайдың қалдықтары 2006 жылы табылды, қазір бұл жеке туристік нысан. Қазба жұмыстарына қатысқан тарихшы-өлкетанушы Ескендірбек Төребеков бұл көне ескерткіштің тарихымен бөлісті.  


Тараз тарихы туралы, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.01.2023 17:57

Сурет: Айдар Өрісбаев

"Бұл 9-10-11 ғасырларға жататын тарихи нысан. Ескерткіш аумағында керуен-сарайдың ғимараты бар, ол 8 бөлмеден тұрады. Сондай-ақ ежелгі ислам дәуірінің мешіті бар. Қызықты дерек – басында бұл жерде несториандық-христиандық шіркеу болған, кейіннен барып ол мешіт болып қайта салынды. Ол кезде қала көпвекторлы діни саясат жағдайында өмір сүрді. Иә, археологиялық қазбалар мен тарихи зерттеулердің нәтижесінде көне Тараз қаласының поликонфессионалдық мәртебеге ие болғаны анықталды. Мұнда ежелгі кезеңдерден бері христиан, ислам, буддизм діндері салтанат құрғаны белгілі болды", – дейді тарихшы.
Ал кейіннен көпконфессиялы Тараз қаласы бір түнде жаппай ислам дінін қабылдады. Оған шаһарды Исмаил Саманидің басып алуы ықпал еткен. Ол барлық тұрғындар ислам дінін қабылдаса, қаланы босатуға уәде берді. Осы өңірдегі ең көне мешіт те сол кезде пайда болды. Ол – қарлұқтар басқарған дәуірде бір түнде бұрынғы христиандық шіркеуден мешітке өзгертілген ғимараттардың бірі.

«Қазба жұмыстарын бастаған кезде жерасты қирандыларының астында не барын болжаған да жоқпыз, бұл төмпешік жақын жердегі спорт алаңының құрылысы кезінде өздігінен пайда болды деп ойладық. Ескерткішті толық қазып шыққанда, бұл діни нысан екені анықталды. Ал кейіннен бұл Тараздың өңірдегі ең ірі орталық болған кезінде христиандық шіркеудің орнына тұрғызылған мешіт екені нақты дәлелденді», – дейді Ескендірбек Төребеков.

«Қарлұқтар ислам дінін қабылдағанның арқасында ғана Тараздың саяси тәуелсіздігін сақтап қалды. Қаладағы Бас шіркеу мешітке айналдырылды, қарлұқтардың басшылары саманидтердің иеліктерін басқа түркі тайпаларынан қорғауға міндетті болды. Осы шарттармен Тараз бен Исфиджаб саманидтер қазынасына ақшалай салым салудан босатылды», – деп жазды тарихшы-археолог.

Тараз тарихы туралы, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.01.2023 17:57

Сурет: Айдар Өрісбаев


Осылайша, Таразда бір күнде 10 мың адам ислам дінін қабылдады, басқа діннің ғибадатханалары мешіттерге айналды. Көне мешітте ағаш бағаналар бар, бұл кейіннен қапталған, ал бағаналардың негізі тастан салынған. Михраб та бар. Ескендірбектің айтуынша, бұл нысанның мешіт болғаны дәл осы михрабтың арқасында анықталған. Тарихи ескерткішті қалпына келтіру кезінде оның бастапқы бейнесін сақтап қалу маңызды болды. Сондықтан да көне қабырғаның қандай балшықтан салынғаны анықталып, дәл сондай балшық қоданылды. Әлбетте, барлық жұмыс қолмен жасалды. Ал тас-кірпіштен құйылған михрабтың негізі шамамен несториандық кезеңнен қалған көрінеді.
                                                                                                                                      Айдар Өрісбаев

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: