Ұлытау облысының Орынбай ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт қолданысқа берілді

Орынбай ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт  қолданысқа берілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2023 17:39 Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қыркүйек айында Орынбай ауылдық округінде жаңа фельдшерлік-акушерлік пунк тұрғындарға есігін айқара ашты.

Халықтың сұранысындағы әлеуметтік нысан демеушілік есебінен салынып отыр.

Бүгінде өмірден озған ауданымыздың тұрғыны, жеке кәсіпкер Қуат Ахметовтің ойға алған игі ісін балалары жүзеге асырып, өз қаражаттарына ауылға жаңа нысан тұрғызды.

Жұмсалған қаражат құны 98 млн.теңгені құрайды.

Орынбай ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт қолданысқа берілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2023 17:39

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Фельдшерлік-акушерлік пункте зарарсыздандыру, ақпараттандыру, егу, фельдшерлік, акушерлік, процедуралық, қарап-тексеру бөлмелері және химизатор кабинеті қарастырылған.

Жаңа нысанның салтанатты ашылуына облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы және аудан әкімі Қанат Қожықаев арнайы қатысып, демеушілерге ризашылықтарын білдірді.

Сонымен қатар ауданға қарасты Байдалы би, Бидайық, Қараағаш ауылдық октугтерінде де фельдшерлік-акушерлік пункттердің құрылысы аяқталып, жыл сонына дейін қолданысқа берілу жоспарлануда.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: