Ұлытау облысында жалпы өңірлік өнім көлемі артты

Ұлытау облысы, жалпы өңірлік өнім, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2023 12:50 Сурет: Zakon.kz
Биыл бірінші жартыжылдықта Ұлытау облысында жалпы өңірлік өнім көлемі 2,4% өсіп, 750 млрд теңгеге жуықтады. Бұл жөнінде өңір басшысы Берік Әбдіғалиұлы ОКҚ алаңында өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Өңірдің экономикалық қызметінің нәтижелерін қорытындылайтын негізгі көрсеткіш – жалпы өңірлік өнім. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында ЖӨӨ 2,4% өсіп, 750 млрд теңгеге жуықтады"  Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы

Аймақ басшысының айтуынша, ел экономикасының жалпы көлеміндегі облыстың жалпы өңірлік өнімінің үлесі 1,6 пайызға тең, бірақ бұған әрбір өңір тұрғынының қосқан үлесі арқылы қарасақ, жан басына шаққандағы ЖӨӨ көлемі республикадағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып саналады және 3,4 млн теңге болды, бұл орташа республикалық деңгейден 29,6%-ға жоғары.

Берік Әбдіғалиұлы облыс экономикасының одан әрі даму векторын айқындаушы негізгі фактор өнеркәсіп екенін атап өтті, оның ЖӨӨ-дегі үлесі 60% -дан асады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: