Ұлытау облысы орташа жалақы көлемі бойынша алғашқы үштікке кірді
Сурет: Zakon.kz
Ұлытау облысы орташа жалақы көлемі жөнінен республика бойныша 3-орынға табан тіреді. Бұл туралы облыс басшысы Берік Әбдіғалиұлы 2023 жылғы 20 қараша күні Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Берік Әбдіғалиұлы облыста орташа айлық жалақы 471 300 теңгеге дейін өскенін атап өтті.
"Бұл орташа республикалық деңгейден 1,3 есе жоғары, республика бойыша 3-орын. Жұмыссыздық деңгейі 4,2% болды, бұл орташа республикалық көрсеткіштен төмен".Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы
Облыс басшысының айтуынша ел экономикасының жалпы көлеміндегі облыстың жалпы өңірлік өнімінің үлесі 1,6 пайыз болды. Ал, жан басына шаққандағы ЖӨӨ көлемі республикадағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып саналады. Қазақстан Республикасында Атырау облысы мен Астана, Алматы қалаларынан кейін 4-орында. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ 3,4 млн теңге, бұл орташа республикалық деңгейден 29,6%-ға жоғары.
Бұл ретте облыс экономикасының одан әрі даму векторын айқындайтын өнеркәсіп десек, оның ЖӨӨ-дегі үлесі 60% -дан асады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript