Астанада автобустан құлап түскен жолаушы үшін жүргізуші жазаланды

Астанада автобустан құлап түскен жолаушы үшін жүргізуші жазаланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.02.2024 17:08 Сурет: Zakon.kz
Астанада автобус жүргізушісі Қ.Сәтбаев көшесінің бойымен келе жатып, жолаушылардың толық мінгеніне көз жеткізбей, аялдамада әйелдің салоннан құлап кетуіне жол бергені үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Адам толы автобусқа әйел кіріп, көліктің есігі жабылған. Автобус қозғала бастағанда есік қайтадан ашылып, әйел одан құлап кетеді. Алайда автобус жүргізушісі тоқтамай кете берген.

Желі қолданушылары жүргізушінің бұл әрекетіне де, қоғамдық көлікті тоқтатпаған жолаушыларға да наразы болды.

Zakon.kz редакциясы полициядан жағдайға қатысты пікір беруін сұрады.

"Жолаушы зардап шеккен жоқ. Тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін жүргізуші жауапқа тартылды", - делінген Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: