Құтқарушылар тәулік бойы көмек көрсетуде

Құтқарушылар тәулік бойы көмек көрсетуде , сурет - Zakon.kz жаңалық 01.04.2024 09:36 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Еліміздің су тасқыны болып жатқан өңірлерінде әскери қызметшілер тәулік бойы жұмыс істеуде. Олар жергілікті халықты қауіпсіз аймаққа эвакуациялап, гуманитарлық көмек жеткізуде. Сонымен қатар, жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізіп, су бұрып және каналдарды тазартуда, деп хабарлайды Zakon.kz

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, су тасқынына қарсы іс-шаралар ТЖМ қызметтерімен және Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарындағы атқарушы билік органдарымен өзара іс-қимылда жүзеге асырылады.

Құтқарушылар тәулік бойы көмек көрсетуде , сурет - Zakon.kz жаңалық 01.04.2024 09:36

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

27 наурыздан бастап авариялық-құтқару жұмыстарына 523 әскери қызметші, 47 бірлік техника, оның ішінде сегіз тікұшақ және әскери-көліктік авиация ұшағы жұмылдырылды. Әскер авиациясының экипаждары 1325 адамды эвакуациялады, оның 374 – і балалар. Айтарлық, 150 рейспен көлемі 11 500 кг гуманитарлық жүк жеткізілді.

Құтқарушылар тәулік бойы көмек көрсетуде , сурет - Zakon.kz жаңалық 01.04.2024 09:36

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматыдан Орал және Ақтөбе қалаларына ТЖМ 70 құтқарушысы мен салмағы 3 мың кг мүлікті тасымалдау жүзеге асырылды

Құтқару жұмыстарында 420 м нөсер кәрізі тазартылды, 200 тонна құм тасымалданды. Абай облысында бөгетті нығайту үшін Аягөз ауданының Мамырсу ауылына 2400 текше топырақ әкелінді, 540 м үйінді тұрғызылды.

Құтқарушылар тәулік бойы көмек көрсетуде, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.04.2024 09:36

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Осы қарқында еліміздің әр аймағында құтқарушылар қызмет етуде.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: