Солтүстік өңір тұрғындары сирек кездесетін аспандағы құбылыстың куәсі бола алды

Солтүстік шұғыла, сирек кездесетін құбылыс, аспан, СҚО, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2024 09:29 Сурет: Ринат Казбеков
11 мамырға қараған түні Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары солтүстік шұғыланы тамашалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірлік ауданына қарасты Ғабит Мүсірепов ауылында тұратын Ренат Қазбековтің айтуынша, сағат 00: 00-де өз өңірі тұрғындары солтүстік шұғыланың куәсі болды. Айта кетсек, мұндай сирек құбылыс ең күшті магниттік дауылдың нәтижесінде пайда болады.

Солтүстік шұғыла, сирек кездесетін құбылыс, аспан, СҚО, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2024 09:29

Сурет: Ринат Казбеков

Бұрын хабарланғандай, Күнде шағылысып, қатты ойнаған сәулелерден кейін Жер бетінде көптеген жылдардан бері алғаш рет G4 класындағы магниттік дауыл басталды және ол шамамен 40 сағатқа дейін созылады. Сарапшылар метеорологиялық тәуелділікке бейім адамдарға алдағы күндері толықтай демалып, стрестен аулақ болуға және денсаулығына аса мән беруге кеңес берді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: