Мобильді қосымша арқылы инвестициялық монеталарды сатуға және сатып алуға болады
Атап айтқанда, ережеде инвестициялық монеталарды сату және өтеу "Астана" халықаралық қаржы орталығының қор биржасының (AIX) Tabys мобильді қосымшасы арқылы да жүзеге асырылатыны толықтырылған.
Тиісінше, ережелерге мобильді қосымша арқылы инвестициялық монеталарды сатуды және өтеуді көздейтін жаңа тарау енгізілді.
Осылайша, Ұлттық Банктің инвестициялық монеталарды мобильді қосымша арқылы сатуы және кері сатып алуы, оның ішінде инвестициялық монета жасалған бағалы металдың химиялық таза салмағы грамммен айқындалатын бөліктерде (акцияларда) сатылған бағамен жүзеге асырылады деп айтылады.
Жеке және заңды тұлғалардың (олардың өкілдерінің) Ұлттық Банк филиалында мобильді қосымша арқылы сатып алынған инвестициялық монеталарды алуы олардың толық салмағын сатып алу (төлеу) шартымен жүзеге асырылады.
Жеке және заңды тұлғалар (олардың өкілдері) инвестициялық монеталарды алу үшін Ұлттық Банк филиалына ұсынатын тиісті хабарлама инвестициялық монеталарды сатып алуды (төлеуді) растау болып табылады.
Ұлттық Банк инвестициялық монеталарды жеке және заңды тұлғалар (олардың өкілдері) Ұлттық Банк филиалында алғанға дейін мобильді қосымша арқылы кері сатып алатыны көрсетілген.
Түсіндірілгендей, жоба инвестициялық монеталарды, оның ішінде жеке және заңды тұлғалар арасында бөліктерге (үлестерге) кооперацияда және "Астана" халықаралық қаржы орталығының қор биржасының (AIX) "Tabys" мобильді қосымшасын пайдалану арқылы сату мақсатында әзірленген.
Құжат 8 тамызға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.