"Ақша күйіп кетпей ме, шешіп алуға бола ма: "Ұлттық қор – балаларға" жобасына қатысты басты сауалдар
Алдымен "Ұлттық қор – балаларға" жобасы – мемлекеттік бағдарлама екендігін, оның арқасында 18-ге толмаған әрбір баланың арнаулы жинақтаушы шотына Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық табысының 50%-ы аударылып отыратынын еске сала кету кетейік. Ал жоба Мемлекет басшысы Ұлттық қор – балаларға" Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты 2022 жылғы Жолдауынан бастау алды.
"Әрбір отбасы елдің ұлттық байлығын пайдаланудан нақты табыс алуы керек. Сондықтан мен жариялаған Балалар жылы аясында Ұлттық қор – балаларға" атты қағидатты жаңа бағдарламаны іске қосуды аса маңызды деп санаймын... Бұл қаражат өскелең ұрпақтың есейген өміріне нағыз бастау береді. Қор шын мәнінде ұлттық мәртебеге ие болады және халық мүддесіне қызмет етеді", — деді президент.
Биыл қазақстандық балалардың шотына 100 доллардан түсті. Және жобамен жыл сайын бала кәмелеттік жасқа толғанша осындай қаражат бөлініп отырады.
Қазірдің өзінде өскелең ұрпаққа жинақталған қаражатын ақылмен пайдалану, атап айтқанда – білім алуға немесе тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсау ұсынылып отыр.
Тұрғын үй жағдайын жақсарту дегеніміз:
- тұрғын үйді өз жеке қаражатын пайдалану мүмкіндігімен сатып алу;
- ипотекалық қарызды толық немесе жартылай мерзімінен бұрын өтеу;
- ипотекалық қарыз алу үшін бастапқы жарнаны беру, оның ішінде үйге жөндеу жүргізу;
- Отбасы банктегі депозитін толтыру;
Оқу ақысын төлеу дегеніміз:
- "AQYL" білім депозит толтыру;
- Қазақстандағы оқу ақысы;
- Басқа елдердегі оқу ақысы;
- Оқу ақысы несиесін өтеу;
Ал "AQYL" депозитіне келсек, ол шотты ата-анасы ерте бастан ашып және осы бастан баласының жинағын толтыра береді. Баласы 18 жасқа толған кезде Ұлттық қордағы жинақталған төлемге депозиттегі қаражатын қосылып, оқу ақысын төлеу үшін қомақты қаражат алуы ғажап емес.
Қазірдің өзінде Отбасы банкінде осындай 40 мыңнан астам білім шоттары ашылған. Бұл депозит бойынша мөлшерлеме 9,5% (ЖТСМ 9,5-тен 10,1%-ға дейін) – жылдық 12% (ЖТСМ 12,9-дан 13,1%-ға дейін). Оған қоса жыл сайын 5-7% көлемінде мемлекеттік сыйақы есептеледі. Айтқандай, қазіргі таңда білім беру депозитіндегі ең жоғары жинақ 5 миллион теңгеге жеткен.
Егер тақырыпқа тереңірек дендеп көрейік.
- Қай жаста баланың шотына еліміздің Ұлттық қорынан алғашқы қаражат келіп түседі? Ол бір жасқа толуы тиіс пе, әлде ақша туыла салысымен бөліне ме?
Жасқа қатысты соншалықты қатаң байланыс жоқ. Нақты мысалмен түсіндірсек, 2024 жылдың басында балалардың шотына ең алғашқы ақшалары – 2023 жыл үшін алғашқы төлемдері түсе бастады. Бағдарламаға қатысушылар тізіміне 2006 жылдан бастап 2023 жыл аралығында туған жас отандастарымыз енді. Өткен жылы 17 жаста болған, яғни 18-ге толған\толатын алғашқы лек төлемін бір рет алып, бағдарламадан "шығып қалды". Оларға 2024 жылға төлемдер қарастырылмаған. Ақшаны алатын кезде соңы кем дегенде толық жыл, яки бірнеше ай болуы мүмкін. Алдағы 2025 жылы қаражат 2007 жылдан бастап 2024 жыл аралығында туған азаматтардың есепшотына аударылады.
- Егер бала грантқа оқитын болса, шотта жинақталған қаражатты қалай жұимсуға болады? Ол ақша мемлекетке қайтарыла ма, әлде отбасындағы басқа балаларға бөлініп беріле ме?
Біріншіден, мемлекеттік бағдарлама білім алу мақсатынан бөлек, тұрғын үйді жақсартуды да көздейді. Грантпен оқу бақытына ие болған адам жинақталған қаражатын баспана мәселесін шешуге, үйін кеңейтуге жұмсай алады.
Екіншіден, жинақталған қаражат "күйіп" кетпейді, мемлекетке қайтып оралғандай, бауырларына бөлініп беріледі. Азамат 18 жасқа толған соң оның шотындағы қаражат 10 жыл бойы сақталады. Егер осы уақыт ішінде бұл ақша жоғарыдағы мақсаттар бойынша пайдаланылмаса, онда жәй ғана алушының зейнетақы шотына аударылады.
Баланың жинақталған қаражатты жұмсауға шамасы болмаған жағдайда, оны пайдалану құқығы әке-шешесіне немесе заңды өкілдеріне беріледі.
- Кәмелетке толған кезде ақшаны шоттан алып алуға бола ма?
Ақшаны алуға болмайды. Оны тек белгіленген бағытта ғана пайдалануға болады. Мұны enpf-otbasy.kz платформасында атқаруға болады. Ол үшін жарамды электрондық цифрлық қолтаңба қажет . Нұсқаулықтар осында.
- Салымдар қаншалықты қорғалған, олардың сақталуына мемлекет кепілдік бере ме?
Ұлттық қордан алынған мақсатты жинақтарға тиым салынған:
- бұғаттауға;
- өндіріп алуға;
- банк шоттарындағы қаражат бойынша шығыс операцияларын тоқтатуға;
- мақсатты жинақ иесінің келісімінсіз ақша алуға;
- банк шотындағы ақшаны жұмсауға уақытша шектеу қоюға;
- бұл жинаққа салық салуға;
Оған қоса Отбасы Банкі "Ұлттық қор – балаларға" жобасы аясында жүзеге асырылатын операциялар үшін комиссия алмайды.
Жоғарыда атап өткендей, балаларға Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызы есептелетінін ескерсек, оның кері салдары да болуы мүмкін бе? Мұның жауабы — төлемдердің тұрақтылығына қысқа мерзімді емес, ұзақ мерзімді индикаторды пайдалану арқылы кепілдік беріледі, сондықтан құбылмалы жағдайларды бақылауда ұстауға мүмкіндік береді.
Қорыта келгенде, 2024 жылы бағдарлама 6 919 131 баланы қамтығанын айта кетуге болады. 2024 жылдың сегіз айында "Ұлттық қор – балаларға" жобасының құзырлы операторларының бірі – Отбасы банкке БЖЗҚ-дан 17 556 алушыдан жалпы сомасы 1 760 669 АҚШ доллары көлемінде қаражат түсті. Оның ішінде 12 463 өтініш "тұрғын үй жағдайын жақсартуды", 5 093 өтініш "оқу ақысын төлеу" мақсатын көздейді.
"Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасы жайлы толығырақ мына жерден біле аласыздар: https://sp.zakon.kz/2023/otbasy/kids/#kk