Жаңалықтар тізбегі
0

Астана полицейлері жалған жиһаз жасаушыны ұстады

Задержание, задержанный, наручники, правонарушение, преступление, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2024 17:01 Фото: pxhere
Алматы ауданының полицейлері бұрын жиһаз жасаушы болып жұмыс істеген 39 жастағы ер адамды анықтады. Ол тапсырыс берушілерді алдап, ақшаларын жымқырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңа клиенттер жиһаз жасаушыға таныстарының ұсынысы бойынша жүгінген. Ер адам тапсырысты уақытында орындайтынына сендіріп, азаматтардың сеніміне кірген.

Жиһаз жасау мүмкіндігі жоқ екеніне қарамастан, клиенттердің үйіне барып, өлшемдерін алып, алдын ала төлем алған. Оның осындай төрт дерекке қатысы бар екені анықталды.

Шығынның жалпы сомасы шамамен 5 млн теңгені құрады. Қазіргі уақытта алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдіктінің басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Полиция азаматтарды кез келген жағдайда қырағы болуға шақырады.

"Азаматтарға жиһаз жасау цехына барып, нақты клиенттердің пікірлерімен танысуға кеңес береміз. Сонымен қатар компанияның толық деректемелері, мөрлері көрсетілген келісімшарт жасау, жиһаз алғанға дейін толық төлем жасамау қажет", – деп кеңес берді полиция қызметкерлері.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: