Астана халықаралық әуежайында алты рейс кешіктірілуде
Сурет: Zakon.kz
Астана халықаралық әуежайында 10 қарашада ұшуы жоспарланған 75 рейстің алтауы уақытынан кешіктірілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.
Дегенмен әуежай баспасөз қызметі ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстердің кешігуі немесе тоқтатылуы орын алмағанын нақтылайды.
Кешіктіріліп жатқан рейстер:
- SU1957 Астана-Мәскеу
- КС7208 Астана-Атырау
- КС7315 Астана-Қызылорда
- КС921 Астана-Франкфурт
- DV716 Астана-Шымкент
- КС642 Астана-Алматы.
Жолаушылар рейстердің жай-күйі және кестедегі ықтимал өзгерістер туралы ақпаратты авиакомпаниядан, сондай-ақ Астана халықаралық әуежайының ресми сайтынан немесе тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығының телефоны 8 (7172) 702-999 арқылы ала алады, делінген хабарламада.
Түнде Астанада 2400 текше метр қар шығарылды, елорданың коммунальдық қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript