Бір рет өліп-тірілген әйел о дүниеде не көргенін айтты

Клиникалық өлім, өліп-тірілу, АҚШ, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2024 17:56 Сурет: pexels
Канзас штатындағы Уичито елдімекенінің тұрғыны Шарлотта Холмстың 11 минут бойы жүрегі тоқтап, одан кейін қайта соққан. Осылайша бір өліп-тірілген әйел сол кездегі таңқаларлық басындағы жағдаймен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

2019 жылы болатын, ол кезде Шарлотта 68 жаста еді. Қыркүйек айында ол ауруханаға жүрегін тексертуге барады. Бірақ сол кезде бірдеңе дұрыс болмай, оның аяқ-астынан қан қысымы көтеріліп, әйел "бақилық болады". Дәрігерлер инфаркт немесе инсульт болғанын хабарлайды. 11 минуттан кейін ақ халаттылар клиникалық өлімді тіркеді, деп жазады Daily Star.

Күйеуі Шарлотта Холмстың өмірі үшін күресіп жатқан дәрігерлерді сырттай бақылап тұрғанда әйел жоғарыдан не болып жатқанын көргенін айтады.

"Олардың маған жанама жүрек массажын жасағанын көрдім. Мен олардың бәрін, медбикелерді де көрдім. Бұрын-соңды сезіп көрмеген ең әдемі гүлдердің иісі мұрныма келді. Содан кейін музыканың үні естілді", - дейді америкалық әйел.

Ол көзін ашқанда көкте болғанын айтады.

"Анамды, әкемді көрдім. Әпкемді де көрдім. Артымнана қарап тұрған отбасымды көрдім. Егде әулие адамдарды да көрдім. Олар кәрі болып көрінбейді. Аурушаң да емес. Олардың ешқайсысы көзілдірік кимеген", деп сөзін жалғастырады ол.

Анасының артынан ол ерекше жарықты көріп, оны "Көктегі Әкейге" балаған.

"Содан кейін жағдай нашарлай бастады. Құдай мені тозақтың шетіне апарды. Төмен қарап едім, мұрныма бұзылған-шіріген еттің иісі келді, иә солай. Одан кейін жанұшыра айқайлаған дауыстар естілді. Жұмақтың сұлулығынан кейін, тозақты көру адам төзгісіз екен", – дейді Холмс.

Содан кейін Құдай маған: "Мұның бәрін саған көрсетіп жатқаным, анда барғанда айтып барсын деп жатырмын, егер кейбіреулер өз жолдарын өзгертпесе, онда олар осындай азапқа түседі", - деді.

"Мен әкемнің даусым естідім:"Сенің оралуға және осылармен бөлісуге уақытың бар "дегенін", – дейді Холмс.

Осы оқиғадан кейін, оның айтуынша, ол толықтай сауығып, екі апта бойында дәрігерлер бақылауында болған соң ауруханадан босатылған.


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: