Ақтау әуежайы бірнеше рейстің кешігетінін ескертті
Сурет: Zakon.kz
Ақтау халықаралық әуежайында жолаушыларға бірден бірнеше рейстің кешігетіні туралы ескертілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әуе айлағының онлайн-таблосында орналастырылған ақпаратқа сәйкес, Бакуге, Астанаға және Атырауға ұшатын, сондай-ақ Астанадан келетін рейстер кешіктіріліп жатыр, деп жазады lada.kz.
"Бұған себеп - қолайсыз ауа райы. 2024 жылдың 3 қарашасына қараған түні Ақтауды тұман басты. Қону-ұшу ауа райының жақсартуына қарай біртіндеп қайта жаңғыртылуда", деп хабарлады әуежайдан.
Синоптиктердің мәліметінше, бүгін, 2024 жылы 3 қарашада Ақтауда тұман болады, аспан бұлтты, бірақ жауын-шашын болмайды деп күтіледі. Ауа температурасы: +12 С°.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript